13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА ІЗГІЛІК ҚОҒАМНЫҢ ПАРЫЗЫ АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

29 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙДА ІЗГІЛІК ҚОҒАМНЫҢ ПАРЫЗЫ АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

«Ізгіліктің нышаны-халық үшін қайтпай құрақ ұшады.Ізгі жүрек ізгілікті сатпайды» дейді. «Шамаң келсе, ізгілік істе,ізгілік, әділдік өлмейді»-деген,Сайф Сараи. Ізгілік іс-әрекет,сөз ниет, тілек-бата,көмек-жәрдем арқылы өмірде жүзеге асып жатады. Ол өз бойына мына адами құндылықтарды сіңіріп алған.
Әділеттілік, ісі сөзіне сәйкес келуі, шыншылдық.Сондыаы болар, ізгілік әр уақытта есте сақталады, ұмытылмайды. Осы орайда Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ психологтары ұйымдастыруымен аудандағы 14-29 жас аралығындағы мүгедектігі бар жандармен «Ізгілік қоғамның парызы» аты тақырыбында Жетісай қосалқы мектеп интернатында семинар-тренинг өткізілді.
Онда тәжірибелі психолог маман адамның ойы мен эмоциясы, ішкі сезімдері арқылы дұрыс жұмыс істеу турасында психологиялық терапия өткізді. Келеңсіз жағдайға тап болған жастарға мәселеден шығу жолдары бойынша семинар жүргізілді. Одан бөлек, тренинг барысында жастардың көшбасшылық қабілетін арттыру, өзіндік қалыптасуына ықпал ететін жаттығулар көрсетілді.Психологтер қазіргі таңда жастардың бойына үміт пен сенім ұялату арқылы жылы сезімдерді дамыту керек екендігін айтады. Психологиялық тренинг барысында жастар мен жасөспірімдер арасында өмірдің дағдарыс кезеңдерінде жағдайдан шыға білу маңыздылығы сөз болып, оның жолдары талқыланды. Оған қоса, делинквентті (заң бұзу) және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, сындарлы түрде мақсатқа қол жеткізу бойынша психологиялық бағыт-бағдар берілді.

Семинар-тренингте қамтылған өзек­ті мәселелерінің бірі – бүгінгі жастар­дың өз-өзіне қол жұмсауы. Осы ретте суи­цидтің алдын алу, жақын адамдармен күнделікті қарым-қатынаста дұрыс болу, жан дүниеге үңіле отырып, сау азаматты қалыптастыру жолдары талқыланып, мамандар өз тәжірибелерін бөлісті.

Басты мақсат тренингке қатысушы оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, өмірге деген құштарлықтарын арттыру. Іс-шара соңында оқушылар семинар-тренинг жайлы ойларын білдіріп, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.

Previous Post

ҚАЗЫҒҰРТТА АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

Next Post

КЕНТАУДА АНАЛАРҒА АЛТЫН АЛҚА ТАБЫСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі