13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Келесте “Күй атасы-Құрманғазы” атты аудандық күй байқауы өтті

29 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Келесте “Күй атасы-Құрманғазы” атты аудандық күй байқауы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Келес аудандық мәдениет үйі Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай “Күй атасы-Құрманғазы” атты аудандық күй байқауы болып өтті.
Сайыс қорытындысына сәйкес: 1-орын Сәтім Ернар Ошақты ауылдық клубы
2-Орын Қыпшақбай Қайрат Жолбасшы ауылдық клубы
3-орын Тастанова Аяулым Игілік ауылдық клубы
Арнайы аудан әкімінің жүлдесімен Өнербеков Нұрғиса Қызыләсер ауылдық мәдениет үйі марапатталды.
2023 жыл – Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы аясында республикалық деңгейде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық оркестр ауқымды іс-шаралар мен дәулескер күйші атындағы кіл мықтыларды анықтайтын Республикалық конкурс ұйымдастырады. Айтулы мерейтой 2018 жылы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді.

Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының дүниеге келген күні туралы сан түрлі болжам мен ақпарлар айтылуда. Кей дереккөздері 1806 десе, том жинақтарда 1818 деп көрсетілген. Алайда, Мұхтар Әуезов атындағы өнер университетінің зерттеулеріне сәйкес 1823 жыл деп бекітілген. Күй атасы атанған Құрманғазы Сағырбайұлы – күйлерінде азаттықты аңсап, бостандықты жырлап өткен дара тұлға. Қазақ ұлтының бай мұрасын «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа» және тағы басқа мазмұнды, әсерлі, терең мағыналы философиялық күйлермен толықтырды.

Құрманғазы Сағырбайұлы – ұлтының бар жақсы қасиетін бойына сіңіріп өскен күй атасы, халқының тәуелсіздікке жетуін армандап, күймен әрлеген дәулескер, аңыз күйші.

Құрманғазының шығармалары – күй тілімен жазылған қазақ өмірінің шежіресі. Бірде-бір құдірет қазақтың кеудесінен дәл Құрманғазы күй­ле­рін­дей орын алған емес. Қа­зақ­стан­ның батысында да, шығысында да, оңтүстігі мен солтүстігінде де асып-төгіліп жатқан Құрманғазының аса бай қазынасы қай қазақтың болсын жүрегінің кілтін тауып, төрінен орын алады. Құрманғазы шығар­ма­лары әлемге танымал му­зы­ка­тану­шылардың айтуы бойынша, өзінің құдіреттілігі, тереңдігі мен алуан мазмұндылығы жөнінен әлемнің әйгілі композиторлары Бахтың, Гайднның, Моцарттың, Бет­хо­вен­нің, тағы басқалардың шы­ғар­ма­ларынан еш кем емес. Бұл Ахмет Жұ­бановтың зерттеулерінде, мо­но­графияларында жан-жақты ашып көр­сетілген. Сондықтан бүгінгі кон­курстың Құрманғызының ат­ында болуы, бұл – қазақтың ат­ын­дағы конкурс дегенмен бара-бар.

Previous Post

КЕНТАУ: «Қожа Ахмет Яссауи- рухани тәлімгер» атты ғылыми конференция өтті

Next Post

ҚАЗЫҒҰРТТА АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі