13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта айтыскер ақынмен кездесу өтті

28 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Қазығұртта айтыскер ақынмен кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Үшбұлақ ауылдық кітапханасында «Ақын — елдің ардағы» деген атпен елімізге белгілі айтыскер-ақын Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, «Қаратау» өнер мектебінің директоры Біржан Байтуовпен және Үшбұлақ ауыл биі Ербосын Орынұлымен кездесу кеші өтті. «Жас қалам» жас ақындар клубының мүшелерімен болған сыр сұхбатта ақынның жүрекжарды жырлары оқылды. Ақын өз кезегінде оқырмандарға ризашылығын білдіріп, ақ тілегін арнады. Іс-шараның басты мақсаты жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Кездесу кешінде оқушылар ақынға көңілдерінде жүрген көкейтесті сұрақтарын қойып, мардымды да көңілге қонымды, толыққанды жауаптарын алды. Біржан ағамыз кездесу барысында сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, өмірдегі жинаған тәжірбиесіне сүйеніп, өмірге деген көзқарасын әзіл-қалжыңы аралас ақылын айта отырып, емен-жарқын сұхбат берді.

Біржан Байтуов ерте жастан айтысқа араласып, өзінің орамды шумақ, ерекше ұйқастарымен көрерменнің көзайымына айналып, бірнеше аламанда оза шапты. Ол 1990 жылы 22 ақпанда ОҚО Бәйдібек ауданы Майбұлақ ауылында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы орта мектепте (1996-2007) оқыған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «философия және саясаттану» факультетінің (2007-2011) түлегі. Ең алғаш 6-сынып оқып жүрген кезінде аудандық оқушылар айтысына қатысып топтан озып шығып, облыстық айтысқа жолдама алды. 10-сыныпқа көшкенде республикалық оқушылар айтысынан ІІ орын алды. Қазақстан ұлттық телеарнасының «Айтыс Қазақстан чемпионаты» жобасында «Ең үздік жас ақын» (2006) номинацясын иеленді. «Аламан айтыста» ІІІ орын әрі «Көрермендер көзайымы» номинациясына (2007) қол жеткізді. Шымкент қаласында өткен «Республикалық наурыз айтыста» бас жүлде (2007), Павлодарда өткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 150 жылдығына арналған республикалық айтыста І орын (2008), Атырау облысының 80 жылдығына арналған республикалық айтыста бас бәйге, Бәйдібек ауданының 80 жылдығына арналған республикалық айтыста бас бәйге, ОҚО 80-жыл толуына орай өткізілген айтыста І орынды (2012), Шымкент қаласында Төле бидің 350 жылдығына, Абылай ханның 300 жылдығына арналған айтыста бас бәйгені (2013) еншіледі. Аламандағы адуынды ақын айтыс өнерінен бөлек жазба поэзияда да біраз жетістікке жетіп жүр. Яғни, «Шабыт толқынында» атты тұңғыш жыр кітабы (2007) шыққан.

Кездесу барысында ұстаздар да өз сұрақтарын қойып үлгерді. Жалпы айтқанда кеш аясында ақынның балалық шағы, бала арманынан бастап алға қойған мақсаттарына дейін айтылуы керек болған дүниенің барлығы қозғалды десек те болады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Арай-2023» жас эстрада әншілері және мәдени іс-шара жүргізушілерінің байқауы өтті

Next Post

ТҮРКІСТАН: “Шинель” спектаклінің премьерасы көрерменге ұсынылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі