13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ФУТБОЛ АРДАГЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ДОСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

25 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ФУТБОЛ АРДАГЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ДОСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында футболдан 40 жастан асқан әуесқой ардагерлер арасында Копбаев Төрехан Батырбекұлының 60 жас мерей тойына арналған жарыс өтті. Спорттық сайыста 6 команда өзара бақ сынасты. Қатысушылардың айтуынша, оларды спортқа, футболға деген махаббат біріктіреді. Сондай-ақ, достарымен кездесіп, жақсы уақыт өткізуге мүмкіндік алады. «Ардагерлермен жиі жиналып, футбол ойнаймыз, керемет көңіл-күй аламыз. Әдемі кездесулер, жақсы қарым-қатынасты бізге осы турнир сыйлайды. Ойын қиын берілді. Қарсыластарымыз мықты команда, соңына дейін берілмей ойнадық. Мұндай спорттық шаралар ардагерлерді қолдап, оларға мереке сыйлайды» — деп жарыс қатысушысы, футбол ардагері Жолдыбаев Құрманбай өз ойымен бөлісті. Футбол әуесқойлары бір дауыстан, футбол – олар үшін өмір мәні екенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл турнир ардагерлерді психологиялық және моральдық тұрғыдан қолдайтыны да айтылды.

Доп додасына қос командалар жоғарғы дайындықпен келгенін көрсетіп, тартысты өткен ойын нәтижесінде:
«Байсал» командасы — І орын
«Южный » командасы— ІІ орын
«Арман» командасы — ІІІ орын

Жеңімпаз атанған команда мен үздік деп танылғандар арнайы тағайындалған алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталды. Енді алдағы уақытта достық қарым-қатынасты арттыру үшін бұл игілікті шара жалғасын табатын болады.

Осы тұста спорт саласына қатысты тағы бір жаңалық! Енді спорт мектептерінің педагогтері мен жаттықтырушылары үшін апта сайынғы оқу жүктемесі 24 сағаттан 18 сағатқа дейін қысқартылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кеңейтілген алқа отырысында айтқан еді. Министр мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай 6 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін әр категория үшін үстемеақы енгізілетінін айтты. Бұл өзгерістер биыл күшіне енеді.
Асхат Оралов дене шынықтыру және спорт саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық база талаптарға толық сәйкес келмейтінін және бұл ретте саланың нақты қажеттіліктері ескерілетінін, сондықтан министрлік қолданыстағы заң жобасына түзетулер енгізуді қолға алғанын айтты.

«Мемлекет басшысы балалар спортын дамытуға және педагог мамандығына қызығушылықты арттыруға көп көңіл бөледі. Осы ретте спорттық бағыттар назардан тыс қалмайды. Біз жаттықтырушы-оқытушыларға топтарды басқарғаны және спортшыларды жоғары тұрған спорт ұйымдарына, сондай-ақ спорттық атақтарға ұсынғаны үшін үстемеақылар мен қосымша ақылардың жаңа түрлерін енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз және сала қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыда қолдау үшін жаңа шешімдер қабылдаймыз», деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН 220 МӘСЕЛЕНІҢ 215-І ШЕШІМІН ТАПТЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: КЕНТАЙЛЫҚ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі