13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШАРДАРА: ЖЕҢІМПАЗ СПОРТШЫЛАРҒА АТ МІНГІЗДІ

24 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ШАРДАРА: ЖЕҢІМПАЗ СПОРТШЫЛАРҒА АТ МІНГІЗДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Қаңтар айының 21 күні Түркия елінің Стамбул қаласында өткен Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы жекпе-жек сайысында дүниежүзінің чемпионы атанған Онғарбаев Қыдырғали мен Айдархан Нұрдаулет елге оралды. Аудан тұрғындары жерлестерімізді құрметпен қарсы алды.

Іс-шара барысында алғашқы сөз алған Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай спортшыларымызды жарқын жеңісімен құттықтап, әрқашан ел намысын абыроймен қорғай берулеріне сенім білдіріп, қос жерлесімізге ақбоз ат мінгізді. Сондай-ақ, аудандық қоғамдық келісім мүшесінің төрағасы Ілесов Қыстау жеңімпаз спортшыларды құттықтап,«Шардара Армспорт» клубының негізін қалаған Қарсыбаев Арман Романұлына ерекше алғысын айтып, ақ батасын берді. Шардаралық жігіттер әлемдік рейтингте бірінші орында тұр.

«Шардара армспорт» спорт клубы 2000 жылы құрылды. Бүгінде Дүниежүзінің кәсіби спортшылар Шардараға келіп жаттығады. Айта өтсек, 2000 жылдан бастап біздің спортшылар үлкен нәтиже көрсетті. Қазіргі таңдағы көрсеткіш төмендегідей. Мысалы, соңғы статистика бойынша 48 спортшы Әлем чемпионы, 39 спортшымыз Әлем чемпионатының жүлдегері, 26 спортшы Әлем кубогының иегері, 144 спортшы Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар, 154 спортшы Азия чемпионатының жүлдегері болды, 50 спортшы Азия кубогының иегері, 339 спортшы Қазақстан Республикасының чемпионы, 373 спортшы Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегерлері болып табылады. Ал 85 спортшы Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 62 спортшы ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына лайық болды. Біздің жетістікеріміз бұнымен шектелмейді. Қазіргі күні 113 спортшы ҚР спорт шебері, 501 шәкірт ҚР спорт шеберлігіне үміткер 2 жаттықтырушы Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, тағы 1 спортшы ҚР Еңбек сіңірген спорт шеберіне дайындалған. Жалпы армрестлинг Шардараның брендіне айналған соң қатысушылар саны күнне күнге артуда. Қазіргі таңда 800-ге тарта жасөспірім армрестлингпен айналысуда. Барлығы шардаралықтар. Оларға барынша жағдай жасау мақсатында арнайы тегін автобус жүреді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: БАҚ ӨКІЛДЕРІ «МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Next Post

ҚАЗЫҒҰРТ: Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл толды!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі