13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 2 ЖАСАР БАЛАНЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ

20 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА 2 ЖАСАР БАЛАНЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында талмасы ұстап қалған 2 жасар баланың өмірін сақтап қалған полицей Ерік Ақмолдаев марапатталды.

2 жасар баланың өмірін сақтап қалған полицей Ерік Ақмолдаев – Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы. Аталмыш ерлігімен көзге түскен полицейді облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов қабылдады. Міндетін адал атқарып, кішкентай баланың өміріне араша болған полицей «Қазақстан Полициясына 30 жыл» төсбелгісімен және алғыс хатпен марапатталды.

«Бала – біздің болашағымыз. Осы орайда біздің әрқайсымыз олардың тыныш өмірі мен тәтті күлкісі үшін бәрін беруге дайынбыз. Ал бүгінгінің батыры — Ерік адам өмірі бәрінен де маңызды екенін іс-әрекетімен дәлелдеді. Жедел шешім қабылдап, өзгелерге үлгі бола білді. Біз сенімен мақтанамыз! Әрқашан осылай халықтан алғыс алып, абыройың асқақтай берсін», деп алғысын білдірді М.Қабденов.

Еске салсақ, бұл жайт Түркістан қаласында болды. С.Ерубаев көшесінде күнделікті жұмысын атқарып тұрған полицейдің жанына белгісіз әйел келіп, ұлының аяқасты ауырып, талып қалғанын айтып, көмектесуін сұраған. Мұны естіген полицей шұғыл әрекет етіп, баланы аман алып қалды.

— «Мен ол сәтте бәрін қойып, кішкентай баланың аман қалуын ойладым. Бірден ыңғайлы орын іздеп, қасымызда тұрған дүкенге көтеріп кіргіздім. Қолымнан келгенін жасап жатырмын. Сол сәтте жаныма өзін медбикемін деп таныстырған әйел келді. Содан екеулеп отырып, балаға алғашқы көмек бердік. Яғни мен ұл баланың денесін ұстап, жағын ашып тұрдым, ал көмекке келген тұрғын тілін жұтып қоймас үшін қасықпен тартып алып, жағдайды жақсартты.

Содан жедел жәрдем баланы анасымен мінгізіп жібердік»-деп атап өтті оқиға жайлы полицей. Көз алдында баласының әлсіз, қимылсыз түрін түрін көріп, қатты қорқып қалған ана: «Полицей менің баламды өлімнен құтқарып қалды. Үлкен алғысымды айтамын. Мұндай азаматтар қандай марапатқа болсын лайық, осындай азаматтарымыз көп болсын. Жұмысы алға баса берсін!»-деп аналық ақ тілегін жеткізді.
Қазіргі таңда бала ауруханада ем қабылдауда. Ал полицей Ерік болса, оның хал-жағдайын біліп, жеміс-жидек, тәттілерін апарып берген еді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕРГІЛІКТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубы мен бірнеше мекеме арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі