13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби Әлібекұлының 360 жылдығы: Кентауда «Даналығы даңғыл би» атты конференция өтті

20 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Төлеби Әлібекұлының 360 жылдығы: Кентауда «Даналығы даңғыл би» атты конференция өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақ елінің туын тік көтеріп, мемлекет ретінде іргесін бекітуге аянбай атсалысқан ұлы тұлғалардың бірі, өзінің бүкіл өмірін ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда дала өркениетінің терең мақсаттарына арнаған Төле би Әлібекұлының 360-жылдығына орай Кентау қалалық орталық кітапхананың конференция залында «Даналығы даңғыл би» атты конференция өтті. Конференцияны Кентау қалалық орталық кітапхананың библиографы Н.Дауенова жіргізді.Төле би Әлібекұлының өмірбаянына Кентау көпсалалы колледжінің ТМ-22-1 тобының студенті Абдиманапов Олжас тоқталды.«Даналығы даңғыл би» тақырыбына Облыстық арнаулы кәсіптік колледжінің ІІІ курс студенті Елбаева Динара тоқталып өтті.

«Төле бидің даналық сөздері» тақырыбын Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған №6 кітапхана-филиалының кітапханашысы Баймақова Раушан жан-жақты ашып, оқырмандарға түсіндіріп өтті.Төле би туралы жазылған шығармалар, оның даналық сөздері, өсиеттерімен орталық кітапхананың оқу залының кітапханашысы Розметова Фатима таныстырып өтті.Іс-шараға қаламыздың «Құрметті азаматы» Өмірбек Сейдалыұлы Жүсіпов атамыз, Кентау көпсалалы колледжінің ТМ-22-1 тобының студенттері, Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған №6 кітапхана-филиалының оқырмандары, Ә.Бөкейханов атындағы №23 мектеп оқушылары,Облыстық арнаулы кәсіптік колледжінің ІІІ курс студенттері мен ұстаздары қатысты.

Қай дәуірде де, қай заманда да тар кезеңде жол тапқан, тарыққанда ақыл тапқан, қазақтың басын қосқан, туын жықпаған ұлы тұлғалар аз болған жоқ. Елдігімізді де, кеңдігімізді де біз солардың арқасында сақтап қалдық. Сондай ұлы тұлғалардың бірі – Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандар тұсында мемлекет құрудың басында болған аса ірі қайраткер, дала демократиясының данышпаны, әз-Тәуке құрған билер кеңесінің мүшесі, атақты шешен, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі – Төле би Әлібекұлы.

Previous Post

Сайлау ел бірлігі мен болашаққа деген сенімді көрсетеді

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЕРТЕ ПІСЕТІН КӨКӨНІСТІ ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ЖІБЕРУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі