13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТҰРАН ТҰҒЫРЫ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

19 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТҰРАН ТҰҒЫРЫ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында дәстүрлі шара «Тұран тұғыры» ұлттық спорт саласы бойынша үздіктер марапатталып, оларға құрмет көрсетілді.
Жылды қорытындылаған іс-шара биыл екінші рет ұйымдастырылды. Жиында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанова, Ұлттық ат спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Нүркен Байбуриев бұл марапаттың маңызы жоғары екендігін жеткізді.

Жиында ұлттық спорт бойынша түрлі спорт түрлері қарқынды дамып келе жатқан көкпар, аударыспақ, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, теңге ілу, бәйге мен құсбегіліктен жеңімпаз атанған спортшылардың есімдері жарияланды. Сондай-ақ, жамбы ату бәсекелерінде топ жарып, көптің ішінен үздік шыққан саңлақтардың табанды еңбектері бағаланды.

Биыл 20 номинация бойынша үздіктер марапатталды. Топтық көкпардан «Жылдың үздік шабандозы» иегері Абылайхан Нышанбеков пен «Жылдың үздік көкпар командасы» болып жасөспірімдер арасындағы облыстың «Тұран» командасы анықталды. Бұдан бөлек, «Жылдың үздік аударыспақ ойыншысы» болып Дарын Өткелбай, «Жылдың үздік аударыспақ командасы» иегеріне Жастар құрама командасы лайықты деп танылды. Ал, «Жыл жеңімпазы» номинациясына Бәйдібек Сабыров ие болды.

Сонымен қатар, «Үздік тоғызқұмалақ ойыншысы» Әсел Далиева мен «Жылдың үздік құсбегісі» Жомарт Кеуеновке табыс етілді. Бұл ретте, асық атудан «Жылдың үздік жаттықтырушысы» иегері атанған Оралхан Айдарханұлының еңбегі де айрықша болса, қазақ күресінің «Үздік балуаны» Ералхан Балтабайдың таланты көпшілікке үлгі болды.

Жиында «Жомарт жүрек» марапаты Рүстембек Алишерге бұйырса, «Жылдың үздік төрешісі» иегері Бауыржан Абиров атанды. Ал, Мақсат Рахишев «Үздік коментатор» номинациясына ие болды. Сондай-ақ, «Жылдың үздік ауданы» Төлеби ауданы атанса, «Жылдың үздік федерациясы» иегері Қазығұрт ауданының көкпар федерациясына беріліп, «Жыл тұлғасы» иегері Мақсат Шағырбай атанды.

Нәтижесінде жиынға арнайы қатысқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қалтаев пен Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры Ғани Ахметбаев үздіктерді жеңістерімен құттықтап, марапаттарын табыстады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ТАЙҒАҚҚА ҚАРСЫ 8 ТОННА ТҰЗ, 42 ТОННА ҚҰМ СЕБІЛДІ

Next Post

ШАРДАРАДА БОЛАШАҚ МАТЕМАТИК ӨСІП КЕЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі