13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БІРҚАТАР МИНИСТРЛІККЕ ҚОСЫМША ҚҰЗЫРЕТ БЕРІЛМЕК

19 января, 2023
in Жаңалықтар
0
БІРҚАТАР МИНИСТРЛІККЕ ҚОСЫМША ҚҰЗЫРЕТ БЕРІЛМЕК
Share on FacebookShare on Twitter

6 министрлікке қосымша құзырет берілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған «ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Үкімет қаулысында жазылған.
Құжатқа сәйкес, енді ведомстволарға мынадай қосымша құзырет берілмек:
Қаржы министрлігіне:
— әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін келісу.
Мәдениет және спорт министрлігіне:
— жастарды мәдени ағартуды және олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;
— мәдениет мәселелері жөніндегі жастар бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру.
Денсаулық сақтау министрлігіне:
— әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін келісу.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне:
— шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін бекіту;
— жастарды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
— уақытша бос жүрген жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне:
— жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекіту;
— жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекіту;
— жастардың даму индексін енгізу мен қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
— жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне:
— әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін келісу.
Қаулы 1 ақпанға дейін көпшілік талқылауда болады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ТАБИҒИ ТЫҢАЙТҚЫШ ӨНДІРУ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ ҚҰМ МЕН ТҰЗ СЕБІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі