13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте төрт айлық сәбиге хирургиялық әдіспен күрделі ота жасады

19 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте төрт айлық сәбиге хирургиялық әдіспен күрделі ота жасады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттік дәрігерлер 4 айлық сәбиге күрделі ота жасап, оның көкірегіндегі жарықты (грыжа) алып тастады.

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасына 9 қаңтар күні 4 айлық сәби медициналық жедел жәрдем қызметімен келген. Аурухананың қабылдау бөліміне түскенде ата-анасы сәбидегі жөтелдің күшейіп, ентігу, жалпы әлсіздік бар екенін айтып, шағымданған. Пациенттің кеуде қуысын рентген арқылы тексеру кезінде дәрігерлер оның оң жақ көкірегіндегі жарықты анықтаған. Алғашқы қойылған диагноз бойынша сәби анасымен бірге ауруханаға қабылданып, араға екі күн салып, сараптамалары толық дайын болған соң ашық түрде күрделі операция жасалды.

— Ота барысында өкпе тұсына қарай өткен ішек бөлігін хирургиялық әдіспен іш қуысына түсіріп, көкірек тұсындағы жарық тігілді. Операция 1,5 сағатқа созылды. Отадан кейін балақай бір күн жансақтау бөлімінде бақылауда болып, келесі күні палатаға ауыстырылды, — дейді дәрігер-хирург Қайрат Ізбасов.

Білікті хирург Қайрат Ильясұлының айтуынша, сәбидің көкірек тұсындағы жарықтың көлемі 1,5 см. Жарық туа біткен және бала анасының құрсағында жатқанда пайда болған деген болжам бар. Яғни, дәрігерлер бұл өздігінен пайда бола бермейтін, сирек құбылыс екенін алға тартып отыр.

Бүгінде кішкентай науқастың жағдайы қалыпты. Сәби анасымен бірге үйіне жіберілді. Дәрігерлер алдағы уақытта қосымша ота жасауға қажеттілік жоқ екенін айтып отыр.

Айта кетейік, қалалық балалар клиникалық ауруханасында жоғары мамандандырылған медициналық қызмет түрі жылдан жылға жақсарып келеді. Биыл аурухана дәрігерлері балалар кардиохирургиясы, офтальмология және  неонаталдық хирургия саласын дамытпақ.

Tags: 13kz13kz.kz13кзхирургияШымкент
Previous Post

Қала әкімінің бірыңғай қабылдауына түске дейін 150-ден астам азамат келді

Next Post

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ТАБИҒИ ТЫҢАЙТҚЫШ ӨНДІРУ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі