13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Пробация қызметінің есебінде тұрған 130-дан аса адам жұмысқа орналасты

19 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Пробация қызметінің есебінде тұрған 130-дан аса адам  жұмысқа орналасты
Share on FacebookShare on Twitter

Пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға әлеуметтік – құқықтық көмек берудің бірден бір жолы ол азаматтарды жұмыспен қамту.

2022 жылы жұмыспен қамту орталығының белсенді шараларына, пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 132 адам  қамтылып, жұмысқа орналасты. Оның ішінде квота бойынша 81 адам жұмыс тапқан. Яғни, пробация қызметінде тіркелгендерді қоғамға бейімдеу, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп олардың тұрмыстық әлеуетін жақсарту мақсатында арнайы квота бекітіледі.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған 19 мекемеден 54 орынға, ал пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін 20 мекемеден 56 орынға квота бекітілді.Мекемелерден  квотаға келісім алу барысында, мамандықты талап етпейтін жұмыс орындарын ұсынуға басымдық берілген. Себебі мұндай азаматтардың  басым бөлігі  жоғарғы оқу орындарын аяқтамаған.

Ал жазасын өтеп келгендер мен пробация қызметінде тіркелгендер үшін жұмыс беруші кәсіпорындардың қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу арқылы 51 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарымен қамтылды. Әрбір жәрмеңкеде жұмыссыз жүрген жандардың қабілетіне қарай түрлі жұмыстар ұсынылады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

Tags: 13kz13kz.kz13кзпробацияШымкент
Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 2 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРДЫ

Next Post

Қала әкімінің бірыңғай қабылдауына түске дейін 150-ден астам азамат келді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі