13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

12 января, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Бахытбек Хасанов жергілікті жастармен кездесті. Өз кезегінде жалындаған жастарға ізгі тілегін білдірді. Бахытбек Сембекұлы мереке қарсаңында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға өзіндік үлес қосып жүрген еріктілер мен белсенділердің еңбегін бағалап, алғыс хаттармен марапаттады.

«Ақын Мағжан Жұмабаевтың «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанаты, мен жастарға сенемін!» деген жастарға арнаған жалынды сөзі қанша заман ауысса да мәні мен маңызын жойған емес. Жыл өткен сайын өркениеттің көшінен қалдырмайтын, ұлтты ұшпаққа шығарар жастарға даңғыл жол салынып жатыр. 58 мыңнан астам жасы бар ауданымызда маңызды әрі жастардың сұранысына сай бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Аудан жастарының барлық салада жетістіктері жетерлік. Биыл олардың сүйіншілейтін жаңалығы көп болды.Ел болашағы жастардың қолында. Сондықтан, Жаңа Қазақстанды құру жолында аянбай еңбек етейік, қымбатты жастар!»,- деді ол.

Марапатталушылардың ішінде Д.Қонаев атындағы колледждің мұғалімі Э.Нишанкулов, Д.Қонаев атындағы колледждің өзін өзі басқару ұйымының төрайымы Д.Исламова, А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің жастар ісі жөніндегі төрайымы А.Уразматова, аталған колледжінің өзін-өзі басқару ұйымының президенті Х.Юнусова, Ақсукент көпсалалы колледжінің мұғалімі А.Сайдулла, осы колледжінің өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы М.Сайлаубек, Е.Сарманов атындағы колледжінің мұғалімі А.Жақсыбек және колледжінің өзін өзі басқару ұйымының президенті Қ.Өмірзақ, АГТК колледжінің мұғалімі Г.Ирискельдиева, белсенді жас М.Абдижаппарова, Гуманитарлық техникалық колледжінің мұғалімі С.Керімкулова, «Ақ Жүзік» қыздар клубының мүшесі Ж.Мақұлбек, ОҚИК колледжінің іс шара ұйымдастыру министрі Х.Абдуалиева, «Біздің Орта» еріктілер ұйымының белсенді мүшесі А.Тлесбектер болды.
Келесі кезекте әзілкештер клубында өнер көрсетіп, интеллектуалды ойындарға қатысып жүрген жас азаматтар құрметке бөленді. Олар жас ақын, «Тұран» интеллектуалды ойынының бас жүлде иегері А.Бағдатов, әнші, жайдарманшы Е.Әсетбек, үздік фотограф, «Эрудит» командасының мүшесі А.Кетебаев, «Тұран жастары» форумының жүлделі орын иегері Ә.Тортай.
Сондай-ақ, шара барысында Қазіргі таңда мобилографияны меңгеріп, кәсібіне жаратып жүрген жергілікті үздік мобилографтар А.Жалғасбаев, Д.Сауытбеков, Н.Әбдіқадіров, Қ.Майрамбайдың және дизайнер Ж.Сұлтанов секілді жастардың еңбектері ескерілді. Марапаттау рәсімінде марапатталушыларға тәттілері бар қораптар сыйға берілді.

Previous Post

ТӨЛЕБИ: АЛҒАБАСТА СПОРТ КЕШЕННІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Жаңақорған экспедициясының нәтижесі қандай?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі