Сайрам ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек экономика және қаржы саласының қызметкерлері мен зейнеткерлерін кіріп келген Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
— Кез-келген мамандық пен қызмет абыройға ие. Қызметкер өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, ынта-жігермен жұмыс істеуі тиіс. байланысты. Басқа салаларға қарағанда, қаржы саласы күрделі екені білесіздер. Әр кәсіпте кәсіби біліктілігі жоғары мамандар бар. Олардың еңбектерін бағалауымыз қажет. Сондықтан, Сіздер жыл көлемінде қаржыларды игеру, аудару, жоспарлау бағытында талмай еңбек етіп келесіздер. Бүгін осы жұмыстардың нәтижесін шығарып, қорытындысын жасап отырмыз.Мемлекет алдындағы экономикалық міндеттерді жүзеге асыруда қаржы секторының алар орны ерекше. Сондықтан болар, еліміздің экономикалық қуатын еселеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру қаржы саласындағы жемісті еңбекпен тікелей байланысты.Бүгінгі таңдағы ауданның жеткен жетістіктеріне қаржы саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен білім, біліктіліктеріңіздің арқасында ауданымыздың экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарынан көрінуде.Алдағы уақытта салада жоғары көрсеткіштерге қол жеткізе беретіндеріңізге сенімдімін. Сондай-ақ, жұмыстарыңыздың келешекте де аудан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге бағытталуына тілектеспін.Дендеріңізге саулық, амандық тілей отырып, Жаңа жыл отбасыларыңызға тек жақсылықтар мен бақыт, қуаныш пен береке әкелсін!,- деді ол.
Құттықтау сөзінен кейін, жыл көлемінде экономика және қаржы жүйесінде елеулі еңбектері ескерілген сала мамандары мен ардагерлері аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының алғыс хаттарымен марапатталды. Атап айтқанда, Ф.Султанов «БанкЦентрКредит» банкінің Сайрам аудандық филиалы директорының орынбасары, осы банктің менеджері М.Махамматова, «Халық банк» Сайрам аудандық филиалының менеджерлері Д.Тастеміров және А.Болатбекұлы марапатталды.
Келесі марапаттар экономика және қаржы бөлімінің бас мамандары Г.Байсапарова және Ә.Ботбай, аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашылары А.Байсенова және А.Сүрімбаев, аудан әкімі аппаратының бас маман-бас есепшісі Б.Майлыбаева сынды мемлекеттік қызметкерлерге тапсырылды. Марапаттау рәсіміне келген еңбек ардагерлері Б.Исабекова және Е.Әсілбекованың қаржы саласында жемісті еңбектері аталып, құрметке ие болды. Шара соңында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева өз тарапынан жылы лебізін білдірді.