13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

«Халық банк» Фейсбукта халыққа 300 мың доллардан таратуда»: Шын ба?

27 июля, 2020
in Экономика
0
«Халық банк» Фейсбукта халыққа 300 мың доллардан таратуда»: Шын ба?
Share on FacebookShare on Twitter

Соңғы кездері Facebook әлеуметтік желісінде Қазақстандағы ең ірі банк — Halyk bank атынан ашылған аккаунт халықты адастыруда деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Халық банк атынан ашылған парақшада аталған банк халыққа ақша тарататынын айтылған. Ақшаны қалай алуға болады? Бұл туралы парақшада: «Барлық елдер үшін мен бүгіннен бастап 2020 жылдың 25 шілдесіне дейін Facebook-тегі адамдарды еркін таңдаймын және бұл ресми (алаяқтықсыз). Үйде тіркеліп, 10 минут ішінде ақшалай сыйлықтарға ие бола отырып, біз адамдарға CORONA вирусының таралуына байланысты жұмыс істей алмайтындықтан көмектесуге шақырамыз. Сіздің атыңыздың бірінші әрпін таңдаңыз, сонда сіз таңдаған сыйлық аласыз. Мұны дәл қазір жасаңыз, — деп жазылған.  Ары қарай әр түрлі әріпке әр түрлі сомалар жазылған. Сома 1 мың доллардан басталып 1 триллион долларға дейін кете береді.

Жазба соңында бұл ақпаратты тарату керектігі айтылған: «Осы жазбаны қазір 10 топпен бөлісіңіз. Қосымша биржалар. Жеңу мүмкіндігі көбірек. Сіздің атыңыз тіркелгеннен кейін 5 минуттан кейін сіздің ақшаңыз жіберіледі, бұл сіздің мүмкіндігіңіз болуы мүмкін. Сіздің уақытыңыз жақын арада басталады. Сәттілік және Құдай сақтасын !!!

Көптеген адамдар бұл жазбаға сеніп оны жаппай бөлісуде. Нәтижесінде қазіргі таңда Halyk bank атынан ашылған парақшаға 532 адам тіркеліп үлгерген. Ал жазбаны 2300 адам бөліскен. 7400 адам пікір жазған. Дегенмен бұл парақшаға оқырман жинау мақсатында ашылған жалған аккаунт болуы әбден мүмкін. Бұл жерде «Халық банк» елге еш себепсіз ақша таратуы мүмкін емес. Сондықтан да мұндай жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Көшеде маскасыз жүрген адамға айыппұл салына ма?

Next Post

Шымкентте карантин талабын бұзған сауна анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі