13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТТІ

6 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістандағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің қолбасшысы» атты халықаралық симпозиумы өтті. Шараға келушілер алдымен «Шерхан Мұртаза – 90» көрмесін тамашалады. Мұнда өзі тұтынған жеке заттары мен кітаптары, фотосуреттері жасақталған. Сонымен қатар, тұлға жайлы деректі фильм көрсетілді. Халықаралық симпозиумды ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы ашты. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев журналистердің бірнеше буынын тәрбиелеген Шерағаның ұлттық баспасөздің дамуына қосқан үлесі жөнінде мазмұнды баяндама жасады. Сондай-ақ облыс әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтауын оқып берді. Жиынға Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай модераторлық етті.

Жиында белгілі журналист, публицист, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті бас редакторының орынбасары Талғат Батырхан, жазушы аудармашы, Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік Өзбек тілі және әдебиеті университетінің ғалымы Қазақбай Йулдашев, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылымдар Академиясының Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Келдібек Қойлыбаев, Тараздағы Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директорының орынбасары Ахметжан Өзбеков, әдеби аудармашы, «Бір кем дүние» жинағын өзбек тіліне аударған Далымжан Сайфуллаев, Шерағаңның жазушылығы, журналистігі, қайраткерлігі мен азаматтығы туралы сөз сөйледі. Сонымен бірге Түркиядағы Гази университетінің профессоры, әдебиеттанушы-ғалым Жемиле Кынажы және түрколог, Баку мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері Малейка Мирзали zoom жүйесі арқылы пікір білдірді.

Симпозиум аясында бұған дейін облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен және Қазақстан Журналистер Одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Түркістан» телеарнасында студенттер арасында «Шерағаң айтқан шындық: кеше және бүгін»» атты пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Өте қызу өткен пікірсайысқа Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларындағы ЖОО-ның студенттерінен құрылған командалары қатысып, бақ сынады.

Сондай-ақ, Түлкібас ауданы Күмісбастау аулындағы Ш.Мұртаза атындағы шағын жинақты мектеп-гимназиясында халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығын арналған көрме өтті. Көрмеге жазушының көзі тірісінде пайдаланған дүниелері, басқа да құжаттар, фотосуреттер қойылды. Көрменің ашылу салтанатына Қырғызстан Республикасы Ұлттық Ғылымдар Академиясының Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Келдібек Қойлыбаев, Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Сауран Қалиұлы, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы директорының орынбасары Ахметжан Өзбеков, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Ғалымжан Елшібай, «AULIEATA-MEDIA» ЖШС директоры Оралхан Дәуіт, «Рейтинг» газеті бас редакторының орынбасары Асылбек Досалы қатысты. Көрмені Түлкібас ауданы мектептерінің оқушылары, ұстаздары, ауыл тұрғындары тамашалады.
Симпозиум аясында сондай-ақ, бұған дейін «Шерхан Мұртазаның прозасы мен публицистикалық шығармаларын талдау» тақырыбында өткен байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ» ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ӨТКЕН «АЛТЫН ДОМБЫРА – 2022» ИЕГЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі