13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере аласыз

25 июля, 2020
in Жаңалықтар
0
Құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере аласыз
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Құрбан шалу жағдайы бар әр мұсылманға уәжіп амал.

— Елдегі енгізілген карантин жағдайына байланысты Құрбан айт намазы оқылмайды, қасапханаларда мал сойылмайды. Бірақ, құрбан шалуға ниетті азаматтар қашықтан құрбан шала алады. Ол үшін азаматтар https://www.muftiyat.kz/…/32262-kmdb-toragasynyn-orynbasar…/ сайтына 30 шілдеге дейін құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере алады. Алайда жергілікті әкімшілік пен санитарлық эпидемиологтардың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Карантин талаптарының қатаң түрде сақталуы қадағаланады, — деді ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша бас имамы Бақдәулет Абдрахманов

Айта кетерлігі құрбан шалған азаматтар құрбан етін үшке бөліп, бір бөлігін ағайын-туыс, көрші-қолаңға арнап айттық дастархан жаятын.
Ал қашықтан құрбандық шалынған кезде еттің үштен бірі шалған адамға берілмей, түгелдей әлеуметтік аз қамтылған жандарға, мұқтаж отбасыларға үлестірілетін болады.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесіне орай Qurban2020.kz сайтын іске қосты.
Бұған дейін еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беретін сайттың ашылатыны туралы хабарланған болатын.
Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен ел тұрғындары онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасап, кейін қаласа фото және бейне есебін сұрата алады.
Сондай-ақ сайтта құрбан шалуға қатысты Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары дайындаған сұрақ-жауап та бар.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз2020 жылОнлайнҚМДБқұрбан айтҚұрбан шалу
Previous Post

Құрбандық қай уақытта шалынады?

Next Post

Түркістан облысында ауыл әкімін сайлау тікелей эфирде өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі