13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының жұмысы тоқтаған емес

5 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының жұмысы тоқтаған емес
Share on FacebookShare on Twitter

Өңірде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау шаралары жалғасуда. Арнайы Түркістан облыстық комиссиясының кезекті отырысына Түркістан облысындағы белгілі тарихшылар мен ғалымдар, архив қызметкерлері, тиісті сала жетекшілері және бірқатар БАҚ басшылары қатысқан болатын.
Келелі басқосуда сөз алған Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, оның маңыздылығын атап өтті.

Аталған комиссия құрамы Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы шешімімен бекітіліп, сәйкесінше, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмысшы топ құрылған. Кездесуде белгілі болғандай, биыл саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті басқа да шығыстарға жергілікті бюджеттен 45 млн. теңге қаралып, қазіргі таңда заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Өңірлік комиссияның баспа қызметінің жоспарына сәйкес, құжаттар мен мақалалар жинағы, монография, архивтік құжаттар жинағы жылдың соңына дейін жарыққа шығады деп жоспарланған. Осыған байланысты, бүгінгі комиссия отырысына жұмысшы топтың зерттеу жұмыстарының нәтижесімен жинақталған 6 жинақ, 1 тізім және 1 монографияны баспаға шығаруға ұсыныс жасалды.

Сонымен қатар, жұмысшы топпен өңірлік комиссияның қарауына облыстық архивтегі ашық және жабық қор құжаттары негізінде дайындалған, нұсқаулықта көрсетілген баптар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтар және Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихы архивінде құрылған жұмыс тобы дайындаған Сыр-Дария округіндегі мал-мүлкі тәркіленген бай-кулактар тізімі ұсынылды. Жалпы алғанда, қылмыстық жауапкершілікке тартылған 2085 адам, мал-мүлкі тәркіленген 3090 бай-кулак, Бостандық көтерілісіне қатысқандардың 32 адамның тізімі толық ақтауға ұсынылатындар ретінде комиссия қарауына шығарылды.

Previous Post

Берік Асылов: Қаңтардағы төңкеріс әрекеті бір жыл бойы дайындалған

Next Post

ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР «ШАРДАРА» СУ ҚОЙМАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ КӨТЕРДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі