13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда Дулат Исабековтың 80 жылдығы аталып өтті

4 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістанда Дулат Исабековтың 80 жылдығы аталып өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда Дулат Исабековтың 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Түркістанда жазушы, драматург, «Қазақстанның Еңбек ері» Дулат Исабековтың 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен өңір жұртшылығы және оқырман қауым қаламгерге құрмет көрсетіп, шығармашылығын жоғары бағалады. Мерейтой барысында Д.Исабековтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шара Түркістан музыкалық драма театрында мерейтой иесінің «Бөрте» спектаклімен жалғасын тапты. Спектакль алдында облыс әкімі Дархан Сатыбалды даңқты қаламгерді мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.

«Сізді 80 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Осы мерейлі сәтті Түркістан төрінде атап өтіп жатқанымызға қуаныштымыз. Сіз әдебиетте ғана емес, публицистика, драмматургия салаларында өз жолыңызды қалыптастыра алдыңыз. Туған жеріңіз – Қасиетті Түркістан өңіріне келіп, мерейтойыңызды жалғастыру – біз үшін үлкен мәртебе. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға рухани және тарихи астана мәртебесін беру ұсынысын айтты. Осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Түркістан – Қазақ хандығының астанасы болған ұлы шаһар. Тарихи шешімдер осы қалада қабылданған. Біздің Түркістанды дамытудағы басты мақсатымыз – өңірді Түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдыру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда өзіңіздей қаламгерлердің, осындай іс-шаралардың қосар үлесі мол», – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Дулат Исабеков те көрермендер мен облыс тұрғындарына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

«Шетелдердегі әдеби жиындарда, қойылымдарымның премьераларында қазақ әдебиеті, тарихы, мәдениеті туралы ой қозғап жүремін. Бүгінде «Бөрте» спектаклі халықаралық деңгейде танылып отыр. Бүгін өздеріңізбен қауышып отырғаныма қуаныштымын. Еліміз аман болып, руханиятымыз дами берсін», – деді жазушы.

Тарихи туындыны тамашалауға тек Түркістан облысы ғана емес, өзге өңірлерден де көрермендер арнайы келген екен. Қойылымның тереңіне сүңгіген көрермен түркістандық актерлардың өнеріне ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта «Бөрте» АҚШ мемлекетінің театрларында да ұсынылады деп жоспарланып отыр.

Previous Post

Түркістандық әкім еліміздегі ең үздік ауыл әкімі атанды

Next Post

ТҮРКІСТАН: Облыс спортшылары мыңнан астам медаль жеңген

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі