13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Қазақстанда медицина қызметкеріне берілетін төлемақы ережесі өзгерді

25 июля, 2020
in Денсаулық
0
Қазақстанда медицина қызметкеріне берілетін төлемақы ережесі өзгерді
Share on FacebookShare on Twitter

Еңбек және Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілді. Құжатқа сәйкес коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлері коронавирус жұқтырса, пневмониямен ауырып қалса және қайтыс болған жағдайда арнайы төлем жасалады, — , — деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме берген 13kz.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 129 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік-құқықтық акті жарияланды.

«Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы», — деп жазылған бұйрықта.

Құжатта бір рет берілетін әлеуметтік төлемақыны алатын медицина қызметкерлерінің (қызметкер қайтыс болған жағдайда оның отбасы) тізімі жарияланған:

  • реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың және COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін айқындалған басқа да стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне;
  • провизорлық стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне, жедел  медициналық көмектің, оның ішінде амбулаториялықемханалық ұйымдар жанындағы дәрігерлер мен  фельдшерлерге, сондай-ақ санитариялық авиацияның дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне;
  • карантиндік стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне, жедел медициналық көмек бригадаларының жүргізушілеріне, сондай-ақ зертхана мамандарына, санитариялық-эпидемияға қарсы қызметтің қызметкерлеріне, жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шаралармен байланысты биологиялық материалды алуға айқындалған жедел стационарлардың және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары қабылдау бөлімдерінің қызметкерлеріне, сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ қызметкер жұқтыру (сырқаттану) салдарынан қайтыс болған жағдайда оның отбасына жүзеге асырылады.

Қызметкер қайтыс болған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлем алуға өтінішті осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның отбасы мүшелерінің бірі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына береді.

Комиссия қайтыс болу туралы куәлікті алғаннан кейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырудан, вирустық пневмониямен сырқаттанудан қайтыс болған денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің тізімін (бұдан әрі —
отбасыларға берілетін біржолғы әлеуметтік төлем алуға адамдар тізімі) қалыптастырады.

Қалыптастырылған отбасыларға берілетін біржолғы әлеуметтік төлем алуға адамдар тізімін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары немесе Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауы комитеті Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Өмірзақ Шөкеев:  Шорнақтағы жағдай бақылауда

Next Post

Түркістан өңірінде карантин талаптарын бұзғандар анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі