13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әскерилер ерекше балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады

28 декабря, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әскерилер ерекше балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Шымкенттегі танк батальонының әскери қызметшілері мүмкіндігі шектеулі балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтар мен тәттілер сыйлады.
Жаңа жыл – бұл ерекше мереке, оны көптеген адамдар асыға күтеді. Сүйікті және көптен күткен мерекелердің бірі болғандықтан, оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Жаңа жылды күтудегі соңғы күндер әсіресе жағымды. Көптеген адамдар үшін бұл барлық тілектердің орындалуы мен, алдағы жылы жақсылыққа деген үмітпен байланысты. Даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктері шектеулі көптеген балалар мереке кезінде әр-түрлі сыйқырлы жаңалықтар мен тосын сыйларды күтеді.
Әскери қызметшілердің Ш.Уәлиханов атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектепке қарасты арнайы сыныптарына жаңа жылдық сапары даму ерекшеліктері мен денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларға мерекелік атмосфера мен ертегі көңіл-күйін сезінуге көмектесті.
Танк батальонының әскери қызметшілері атап өткендей, бұл акция балаларға жақсылық әкеліп қана қоймай, оларды рухани байытады.
— Мереке қарсаңында әр баланың өзін ерекше сезінуі және ертегіге сенуі өте маңызды. Біз үшін ең үлкен сыйлық — бақытты бала көздері және олардың қуанышқа толы шын күлкісі. Игі істер балалардың жүрегінде от жағып, жаңа жылдық сиқырдың бұл сәттері олардың жадында сақталады, — деп атап өтті танк батальонының командирі майор Руслан Қожағалиев.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзжаңа жылШымкент гарнизоныәскерилер
Previous Post

«AMANAT»: МӘСЕЛЕҢІЗ ШЕШІЛДІ!

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ, ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ЖАҢА ИНДИКАТОРЛАР БЕЛГІЛЕНДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі