13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық эпидемиологтар инфекциялық аурулардың алдын алу үшін алдағы мереке күндері сақтық шараларын ұстануға шақырады!

28 декабря, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістандық эпидемиологтар инфекциялық аурулардың алдын алу үшін алдағы мереке күндері сақтық шараларын ұстануға шақырады!
Share on FacebookShare on Twitter

 

Бүгін Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг берді.
Ол коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты, бағалау матрицасына сәйкес Түркістан облысы жасыл аймақта екендігін атап өтті. Бір апта көлемінде Covid-19 дың 11 жағдайы тіркелді. Соңғы екі тәулікте ПТР-дің оң нәтижелері анықталмаған.
Қазіргі уақытта облыста маусымдық тұмау және жедел респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) аурушаңдықтықтарының маусымдық өсуі байқалады. Эпидмаусым басталғаннан бері ЖРВИ-дің 2 723 жағдайы тіркелсе, 2022 жылдың 11 айында ЖРВИ-дің 6 320 жағдайы тіркелді. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 32,1%, 14 жасқа дейінгі балалар арасында аталған аурушаңдық 1,2 есеге төмендеген.
Ал, тұмау инфекциясы бойынша маусымдық 56 жағдайы тіркелді. 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7 есе өскен. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 13 жағдай тіркелді (2021ж. 3 жағдай), аурушаңдық 4,3 есе жоғарылаған.

📌Құрметті облыс тұрғындары! Өздеріңізге белгілі кешегі күні ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағуды ұсынды. Алдағы мереке күндері жоғарыда аталған коронавирус, тұмау, ЖРВИ инфекциялық ауруларын болдырмау үшін сақтық шараларын ұстануға шақырамыз! Тұмау ауруының алдын алудың ең сенімді жолдарының бірі — профилактикалық екпе салдыру екендігін еске саламыз.

Previous Post

ОТАНДЫҚ ЖӨРГЕК ШЫҒАРАТЫН ТҮРКІСТАНДЫҚ ЗАУЫТ ӨНІМДЕРІН ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАМАҚ

Next Post

«AMANAT»: МӘСЕЛЕҢІЗ ШЕШІЛДІ!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі