13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ТАҒЗЫМ» МЕМОРИАЛЫ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

23 декабря, 2022
in Жаңалықтар
0
«ТАҒЗЫМ» МЕМОРИАЛЫ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Алматыда 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға арналған мемориалдың салтанатты ашылуы болды. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Прзидент атап өткендей, бұл ескерткіштің мағынасы терең, маңызы өте зор. Мұнда Қазақ елінің мемлекеттігін нығайту жолындағы қилы кезеңдер көрініс тапқан. Тас тұғырларға әйгілі тұлғаларымыздың өлеңдері және өсиеттері жазылған. Ұлтты ұйыстыратын осы сөздер әрқайсымызға ой салады.

— Бұл мемориалды қаңтарда қаза болған азаматтардың рухына тағзым ретінде тұрғыздық. Сондай-ақ оны кейінгі ұрпаққа тағылым болсын деп орнаттық. Жыл басынан бері қысқа мерзім ішінде біраз іс атқарылды. Біз жалпыхалықтық референдум арқылы жаңа Конституциямызды қабылдадық. Қазір алдымызда ауқымды әрі күрделі жұмыс тұр. Біз тұтас ел болып жаңғыру және жаңару жолына аяқ бастық. Әрине, бұл – тек басы ғана, бұл жолдың оңай болмайтыны анық. Бірақ біздің басты мақсатымыз баршаға айқын. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру және бәріне бірдей мүмкіндік беретін қоғам қалыптастыру. Біз әрқашан бірге болсақ, міндетті түрде мақсатымызға жетеміз, — деді Президент.

Рас, жыл басында елімізде орын алған қаңтар оқиғасын, оның соңы қалай аяқталғанын, зардабын көрдік. Дүрбелеңде полиция қызметкерлері, әскерилер мен бейбіт тұрғындар оққа ұшып, зардап шеккені белгілі. Мемлекет басшысының шұғыл шешімі мен шараларының арқасында жағдай тұрақтанды.

Біздің елімізде алғаш рет осындай қасіретті де қайғылы оқиғаға тап болды, мемлекеттілігімізге қауіп төнді. Біз ортақ қасиетіміз – патриотизм, ел үшін мақтаныш, жанқиярлық еңбектің арқасында жеңіске жеттік. Қаланы қылмыстық элементтер мен содырлардың лаңынан сақтап қалдық.

Біз әрқашан қаңтардағы қайғылы оқиғаны есте ұстауымыз керек. Қаза тапқандар мен зардап шеккендерді есте сақтап, бұдан үлкен сабақ алуымыз қажет.

Бақытжан ӘШІРБАЕВ,
Республикалық «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестіктері үйлестіру кеңесінің төрағасы

Previous Post

БЕЙБІТ ЕЛДЕ ҒАНА БЕРЕКЕ БОЛАДЫ

Next Post

ҚИЛЫ КЕЗЕҢДЕР КӨРІНІС ТАПҚАН МЕМОРИАЛ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі