13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«AMANAT»: ОБЛЫСТЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

23 декабря, 2022
in Жаңалықтар
0
«AMANAT»: ОБЛЫСТЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл жергілікті бюджет есебінен Сарыағаш, Отырар, Қазығұрт аудандарына қарасты ауылдарда ФАП және дәрігерлік амбулатория құрылыстары басталды. Ал, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ордабасы, Түлкібас, Қазығұрт аудандарында бой көтерген ФАП құрылысы 2023-2024 жылдары аяқталады деп жоспарлануда.

Дегенмен ауылды жерлерде медициналық нысандарды салу мәселесі өзектілігін жоғалтпай отыр. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі ұйымдастырған жиында аталған мәселе талқыланды. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов тұрғындарды арыз-өтініштері бойынша онлайн-офлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізді.

Алдымен тікелей эфирге бірқатар сауал келіп түсті. Жоғары білімді кадр тапшылығы, кадрлық әлеуетті нығайту, жалпы басқарманың 2022 жылы атқарған жұмыстарына байланысты сұрақтарға толыққанды жауап берді. Мұнан соң өңірдің бас дәрігері Марат Орынбасарұлы қабылдауға келген азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады.

Ордабасы ауданының тұрғыны Б.Құрманбай Шұбар ауылдық округі, Сарытоғай, Жусансай және Аққойлы елді мекендеріне ФАП салу мәселесін көтерді. Басқарма басшысы мәселенің мән-жайынан хабардар екенін жеткізіп, көрсетілген мерзімде салынбаған нысан бойынша соттың шешімі күтілуде деп мәлімдеді.

Ал, Қазығұрт ауданынан келген М.Абдалиева Махамбет ауылына өз қаражаты есебінен дәрігерлік пункт ашуға ниетті екенін білдірді. М.Пашимов жауапты мамандармен беттестіріп, заңдылықтары бойынша түсіндірме жүргізуге көмек көрсетілетінін айтты. Жалпы келіп түскен әрбір талап-арыз партия филиалы және басқарма тарапынан бақылауға алынып, тиісті жауаптар жолданады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «BIZ BIRGEMIZ TURKISTAN» ЖОБАСЫ ӨТТІ

Next Post

Шымкент жастары діни экстремизмге қарсы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі