13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНА ҚАБЫЛДАУ ШАРАСЫ ӨТТІ

21 декабря, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНА ҚАБЫЛДАУ ШАРАСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласында «AMANAT» партиясына салтанатты қабылдау іс-шарасы өтті. Саяси ұйымның мүшелігі түрлі сала өкілдерімен толықты. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева жиынды ашып, жаңа партияластарды құттықтады.

— «AMANAT» партиясы — 23 жылдық тарих пен ресурсқа ие. Партияның филиалдары бүгінге дейін нәтижелі жұмыстарды көрсетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосып келеді. Бүгін осы шарамызда жеке кәсіпкер, үкіметтік емес ұйымдар, білім және денсаулық саласының өкілдері және белсенді жастар партияға қабылданды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия проблемаларды ашып көрсететін, сайлаушылардың мүддесін қорғайтын қозғаушы күш болу керектігін айтқан болатын. Ендеше, партияның жаңа мүшелері мемлекеттің реформаларын, саяси ұйымның міндеттері мен ұстанымдарын бірлесіп іске асыруға шақырамыз, — деген Қалыйма Жантөреқызы партиялық билеттерді табыстады.

Жиын барысында ҚР Президентін сайлау науқанына белсене атсалысқан азаматтар Қ.Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Атап өтерлік, «AMANAT» партиясында 800 мыңға жуық партия мүшесі болса, оның 10 пайызын яғни 80 мыңға жуығын Түркістан облысы құрайды. Жыл басынан бері өңір көлемінде 2300-ге жуық азамат “аманаттық” атанған. Қазіргі таңда өңірде 243 бастауыш партия ұйымы жұмыс істеп тұр.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

КОНФЕРЕНЦИЯ АРХИВ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ФОРУМ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі