13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңде енгізіледі

15 декабря, 2022
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңде енгізіледі
28
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

         1—кезең — 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:

— жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

— мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

— мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

— «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар.

          2—кезең — 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:

— мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. салаларын қоса алғанда) және олардың жұбайлары; квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары;

3—кезең — 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

— заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары; дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары;

4—кезең-2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

—  азаматтардың қалған санаттары.

 

Салық төлеушілер қандай есептілікті табыс етеді?

 

Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) табыс етіледі.

Кейіннен халық жыл сайын кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыратын болады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету тәсілдері

Электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), eSalyqazamat мобильді қосымшасы арқылы.

Қағаз жеткізгіште — мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен не пошта арқылы тапсырыс хатпен жіберіледі.

 

 

Previous Post

«Үздік салық төлеуші», «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушысы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Next Post

Всеобщее декларирование в Республике  Казахстане вводится поэтапно

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі