13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бұрынғы әскери қызметшілерге арналған кезекті тұрғын үй пайдалануға берілді

8 декабря, 2022
in Жаңалықтар
0
Бұрынғы әскери қызметшілерге арналған кезекті тұрғын үй пайдалануға берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Қорғаныс министрлігі запасқа шығарылған және жабық әскери қалашықтарда тұратын әскери қызметшілердің тұрғын үй мәселелерін шешуді жалғастырып келеді. Алматы өңірлік гарнизонының аудандық пайдалану бөлімінде Қарулы Күштер Әскери инфрақұрылым бас басқармасының өкілдері бұрынғы әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кезекті кездесу өткізді.

Қорғаныс ведомствосының бастамасымен 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енген заңнамадағы өзгерістердің арқасында еңбек өтілі 10 жылдан асқан, дегенмен 20 жылға жетпеген бұрынғы әскери қызметшілер жабық әскери қалашықтардағы қызметтік тұрғын үй алаңын қалдық құны бойынша жекешелендіру құқығын пайдалану арқылы басқа пәтерге айырбастай алады.
Кездесу барысында жабық әскери қалашықтардағы тұрғын үйлерді жекешелендіруге жататын пәтерлерге айырбастау мүмкіндігі туралы түсініктемелер мен мәліметтер де берілді.
Алматыда тұрғын үйге сұраныстың артуын ескере отырып, Әскери инфрақұрылым бас басқармасы пәтер үлгісіндегі екі жатақхананың мәртебесін өзгертті. Тиісті қайта жоспарлау және жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін 16 бір бөлмелі және 15 екі бөлмелі пәтер қоныстануға дайын. Осы үйлерден барлығы 160 пәтерді жекешелендіруге беру жоспарланып отыр.
Бұл бағыттағы жұмыс еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіліп жатыр. Қазір Алматыда, Ақтауда, Ақтөбеде, Жезқазғанда, Таразда және Абайда пәтерлер алмасуға ұсынылуда. Айырбастау қоры туралы толық ақпарат Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған.
Айта кету керек, бүгінгі таңда әскери қызметтен босатылған және жабық әскери қалашықтарда тұратын 700 азаматтың 463-і алмасу құқығын пайдаланды. Қабылданған шаралар бұрынғы әскери қызметшілердің осы санатына тұрғын үйді меншікке алуға және ресімдеуге, ал қарулы күштерге әскери қызмет өткергендер үшін қызметтік тұрғын үй қорын босатуға мүмкіндік береді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ ПРИЗНАЛИ САМЫМ УДОБНЫМ ДЛЯ БИЗНЕСА ГОРОДОМ В КАЗАХСТАНЕ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ҰЛТ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі