13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі сарбаз дабылмен көтерілді

7 декабря, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі сарбаз дабылмен көтерілді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Қуатты армия – Жаңа Қазақстан» ұранымен бастау алған жаңа оқу кезеңі аясында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілерімен бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәңгейіне келтіру бойынша тактикалық-саптық сабақтар өткізілді.

Мұндай сабақтар жеке құрамның қысқа мерзімде құрал-жабдықтар, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді алу, әскери техниканы тез арада дайындап бокстарынан шығару және роталық топтар қалыптасатын аймаққа көшіру сияқты әрекеттерді қамтыйды.

Осы күзде осы бригадаға шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер өмірлерінде алғаш рет жауынгерлік дабыл бойынша іс-әректтерін пысықтады.

Жас сарбаз, қатардағы жауынгер Айбек Берденовтің айтуынша, жаңа оқу кезеңі басталар алдында олармен қызметтік міндеттерін орындау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша іс-қимыл алгоритмдерін жеткізу, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету кезінде жарақаттанудың алдын алу бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізіліпті.

— Біз екі апта бұрын ғана ант қабылдадық, оған дейін алғашқы әскери дайындық курсынан өттік. Армиядағы көп нәрсеге үйреніп қалдым, енді жаңадан не болуы мүмкін деп ойлай бастаған едім, бірақ олай емес екен. Ұйқымыз таңғы алтыда, кезекшінің «Рота, оян!» деген ащы даусымен ашылды. Кезекші бізге «жауынгерлік дабыл» түскенін айтып, қалай әрекет ететінімізді түсіндірді. Менің байқағаным осы аралықта қалада тұратын офицерлер мен сержанттар әскери бөлімге келіп, құрал-жабдықтар мен қару-жарақтарын алып жатыр екен. Бұл мені қатты таң қалдырды. Мен ішімнен кәсіби әскери қызметші деген осындай болады екен деп ойладым, — деп Алматы қаласынан шақырылған қатардағы жауынгер Айбек Берденов өз әсерімен бөлісті.

Жауынгерлік дайындық аптасынан кейін барлық санаттағы әскери қызметшілермен мамандық бойынша сабақтар өтеді. Онда жеке құрам атқаратын лауазымдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін зерделейді.

Бір жыл ішінде жеке құрамды оқыту әскери қызметшілерді мамандық бойынша даярлауды, бөлімшелерді үйлестіруді, жауынгерлік атыстарды және тактикалық жаттығуларды қамтитын жауынгерлік даярлық бағдарламалары бойынша жүргізілетін болады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Қуатты армия – Жаңа Қазақстан»
Previous Post

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ АУМАҒЫ КЕҢЕЙІП, КӘСІПОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Next Post

ШЫМКЕНТ ПРИЗНАЛИ САМЫМ УДОБНЫМ ДЛЯ БИЗНЕСА ГОРОДОМ В КАЗАХСТАНЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі