13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тазалық қызметкерлеріне таңғы ас таратылды

7 декабря, 2022
in Жаңалықтар
0
Тазалық қызметкерлеріне таңғы ас таратылды
Share on FacebookShare on Twitter

Қаланың тазалығына жауапты жұмысшылар таңғы 5-тен бастап міндеттеріне кіріседі. Олар қыстың суығында да, жаздың ыстығында да бел жазбай еңбек етеді. Өздеріне тиісті аумақты күніне тіпті 4-5 шақырым жер жаяу жүріп тазалайды.

Қаратау ауданы аумағындағы орталық және ішкі орамдық көшелер тазалығымен айналысатын мекеме қызметкерлеріне бүгін аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 200-ге жуық еңбек адамдарына таңғы ас таратылды.

Игі шараны аудан әкімдігі қызметкерлері демушілермен бірге қолға алған.  Аудан әкімі аппараты бұл шараны еңбекқор жандар қызметін бағалау әрі аудан тұрғындарын қала тазалығын сақтауға шақыру мақсатында ұйымдастырған.

«Мақсатымыз тазалық қызметкерлеріне деген құрметті арттыру, олардың жұмысының ауырлығын ескеріп, барлық тұрғындарымызды тазалыққа шақыру. Сол себепті осы суық күнде оларға жылулық сыйлап, таңғы ас ұсынғанды жөн көрдік» — дейді, аудан әкімдігінің жас қызметкері Саят Қасымбек.

Аудан әкімі аппараты тарапынан бүгінге дейін түрлі ауқымдағы игі бастамалар ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі шара да сол бастамалардың дәстүрлі жалғасы болып табылады.

Еске сала кетейік, ауданның санитарлық тазалық жұмыстарына жауапты мекемелерде жұмыс жасайтын қызметкерлер күнделікті аудан аумағындағы 95 орталық көше және 1002 ішкі орамдық  көшелердегі әлеуметтік нысандар орналасқан 73 көшені таңертегі  сағат 5:00-ден кешкі 21:00 аралығында тұрақты тазалау жұмыстарын жүргізеді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентқала тазалығы
Previous Post

«ТҮРКІСТАН-ЭЛЬ-КУВЕЙТ» ӘУЕ РЕЙСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ҰШАҒЫ САПАРҒА АТТАНДЫ

Next Post

Шымкент : Қаратау ауданындағы көшелердің атауы тарихтан сыр шертеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі