13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ХАЛЫҚПЕН ЕТЕНЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ӘКІМГЕ СЕНІМ АРТУ – ОРЫНДЫ ШЕШІМ

1 декабря, 2022
in Жаңалықтар
0
ХАЛЫҚПЕН ЕТЕНЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ӘКІМГЕ СЕНІМ АРТУ – ОРЫНДЫ ШЕШІМ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі болып Мұрат Әйтенов қайта тағайындалды. Мемлекет басшысы мен қалалық мәслихат депутаттарының Мұрат Дүйсенбекұлына сенім артуы – өте орынды шешім.
Себебі, қала әкімі осы 3 жылға жуық уақыт бойына Шымкенттің республикадағы үшінші мегаполис деген атына лайық, экономикасы мен инфрақұрылымы дамып келе жатқан, халықтың өмір сүруіне жайлы заманауи шаһарға айналуы үшін тынымсыз еңбек етіп келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алған Мұрат Әйтенов ай сайынғы негізде азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізу тәжірибесін енгізді. Сонымен қатар шаһар басшысы тұрғын алаптар мен шағын аудандарды да тұрақты түрде аралап, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, өзекті мәселелерді дер кезінде шешіп келеді. Бұл – билік пен бұқараның байланысын нығайтатын нақты қадам деп ойлаймын.
Өздеріңізге мәлім, Шымкент қалапсында тұрғындардың 70 пайыздай жеке сектордағы тұрғын үйлерде өмір сүреді. Қалаға кейіннен қосылған 40 елді мекен бар. Бұл қаланың инфрақұрылымын дамытуды қиындата түседі. Қала әкімі осы мәселені шешуге басымдық беріп отыр. Нәтижесінде Шымкентте тұрғындарды таза ауыз сумен, табиғи газ, жол және сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі шешімін табуда.

Сөздің түйіні, әрбір басшы әділетті қоғам орнатуға септесетін осы қағидатты ұстанып, көп уақытын бұқарамен кездесуге, ашық-жарқын пікір алмасуға, елдің жағдайымен жақыннан танысуға арнаса жаңа Қазақстанды орнатуға көмектеседі деген ойдамын.

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ,
Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі,
мемлекет және қоғам қайраткері.

Previous Post

ҚОЛҒА АЛЫНҒАН ЖОБАЛАРДЫ НӘТИЖЕЛІ ІСКЕ АСЫРУҒА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

Next Post

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі