13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕҢІМПАЗ СПОРТШЫЛАРДЫ ЗОР ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

29 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ЖЕҢІМПАЗ СПОРТШЫЛАРДЫ ЗОР ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшысы Элина Базарова 54 келіде әлемдік сайыстың жеңімпазы атанған болатын. Сондай-ақ, эстетикалық топтық гимнастикадан Грацта (Австрия) өткен Әлем чемпионатында шымкенттік «Кармелиты» командасы 3-ші орынды иеленді.

Бүгін қос сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Шымкент қаласының әуежайынан жерлестері зор қошеметпен қарсы алды. Іс-шарада Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев, спорт мектебінің басшылары жеңімпаздарды құттықтап, құрмет көрсетті.

— Испаниядан және Австриядан жеңімпаз және жүлдегер болып оралған спортшылар қала тұрғындарын қуантып жатыр. Осындай жеңісті сәттер жастарды жігерлендіреді. Осы жеңістер алдағы үлкен додаларға жол ашсын. Шымкент қаласының спортшыларынан алдағы жарыстардан зор үміт күтеміз, — деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Э.Базарова әлем чемпионатында төрт кездесу өткізіп, бәрін де айқын басымдықпен жеңді. Финалда германиялық Куцохристоу Крисовалантудан басым түсті. Қазақ елінің боксшылары 7 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үшінші орыннан көрінді.

Ал эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында Элина Кан, Саида Патшахан, Аида Жақсыбек, Сәния Тұрдыбай, Сабина Елубаева сынды жерлестеріміз өнер көрсетті.

 

Previous Post

Түркістан: "Turan zhastary" форумында облыс жастары қарар қабылдады

Next Post

Шымкент : Қаратау ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 26 балалар алаңшасы пайдалануға берілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі