13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент жастар лигасы жалғасуда

27 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент жастар лигасы жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші кезеңі өтуде.

Бүгінгі сайыс З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінде өтті. Қыздар арасындағы волейболдан № 4, №56, №23, №118 мектеп оқушылары өзара бақ сынасты. Тартысты өткен жарыста №4 және №23 мектептің қыздары жеңімпаз атанып, келесі ойынға жолдама алды.

№23 мектеп-лицейінің команда ойыншысы Маржан Сәуірбай өз сөзінде волейбол жарысына жақсы дайындықпен келдік. Барлық ойында үздік нәтижеге жетіп отырамыз деген ойдамын. Жаттықтырушымыздың үздіксіз еңбегінің арқасында қарсылас команданы жеңеміз деп ойдағыдай дайындықпен келдік, — деді.

«Шымкент жастар лигасы» жобасы жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өтеді. Сайысқа футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан 138 мектептен 514 команда, барлығы 5926 оқушы қатысады. Лига командаларын қолдау бойынша қатысушы әрбір мектептен фанклубтар жасақталды.

«Шымкент жастар лигасы» Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қаламызда екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жоба жастарды патриот, отансүйгіш, елжанды етіп тәрбиелеуге септігін тигізеді. Себебі, спорт денсаулықтың ғана кепілі емес, ол адамды табандылыққа баули отырып, ерік-жігерін шыңдай түседі.

Аталған жобаның мақсаты – мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізіп, спортқа бейімдеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтауды көздейді.
Қазақстанның әрбір азаматын мектеп жасынан дене тәрбиесімен айналысуға тарту үлкен маңызы бар мемлекеттік міндет екендігі еліміздің негізгі заңында көрініс тапқан. Ата Заңның 24 және 29-баптарында азаматтардың демалуға және денсаулығын сақтауға құқы бар екендігі айтылған.

Жастар лигасы жобасы спорттың 4 түрінен өткізіледі.Жалпы жүлде қоры 80 млн. теңге. Жеңімпаз командаларға 20 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент жастар лигасы
Previous Post

Шымкент: 135 солдат приняли присягу

Next Post

Шымкенттік онкологтар өзбекстандық мамандармен әріптестік байланыста жұмыс істейді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі