13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Дауыс» әңгімелер антологиясының таныстырылымы өтті

25 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Дауыс» әңгімелер антологиясының таныстырылымы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-кітапханада «Дауыс» әңгімелер антологиясының таныстырылымы өтті. Жинаққа шығармасы енген жас қаламгерлер — Бақытбек Қадыр, Жәудір Нұртай, Досхан Жылқыбай мен Әлішер Рахат шымкенттік жастармен кездесті.

Жиынды Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананың директоры Анар Жаппарқұлова ашты.

— Бүгін аты да, заты да ерекше еңбектің таныстырылымы өтіп отыр.«Дауыс». Ол кімдердің даусы?! Әрине, ол — жас қаламгерлердің даусы. Кейде әдебиеттанушы, сыншыларымыз «Жас жазушылар жоқ. Жас қаламгерлер қайда?» деп жатады.Міне, бүгін кітапсүйер қауым «Дауыс» әңгімелер антологиясы арқылы 10 жас автордың есімімен танысқалы отыр. Кітапқа жазушы Мұхтар Мағауин ағамыз алғы сөз жазып, қаламгерлерге сәттілік тілеген екен. Топтама өз оқырмандарын табады деген сенімдеміз. Бағасын көзіқарақты оқырман береді,- деді А.Жаппарқұлова.

Еркін форматта өткен жиында жас қаламгерлер өздерінің прозаға келуі мен антологияның құрастырылу тарихына тоқталды.

— «Дауыс» — тәуелсіз, еркін басылған антология. Бұған дейін де алдыңғы буын ағаларымыздың тырнақалды туындылары антология болып басылған. Антология — үлкенге де, кішіге де ыңғайлы. Себебі, жас жазушылардың шығармаларын бір жинақтан оқуға мүмкіндік береді. Замандастарымыз Есбол Нұрахмет пен Досхан Жылқыбайдың идеясымен антология құрастыруды қолға алдық. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі елге танылып жүрген 10 қаламгердің туындысын іріктеп, оқырманға ұсынып отырмыз. Кітап «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов ағамыздың демеушілігімен «Мазмұндама» баспасында 1000 дана таралыммен шығып отыр. Бұған дейін Алматы, Астана қалаларында таныстырылымы өтті. Енді шымкенттік оқырмандарға келіп отырмыз. Оңтүстік өңірден Досхан Жылқыбай мен Жәудір Нартайдың туындылары енді,- деді Бақытбек Қадыр.

Кездесу барысында шымкенттік жастар жас прозаиктерге көкейтесті сауалдарын қойып, оқыған шығармаларына қатысты пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, оқырмандар кездесу соңында жазушылардан қолтаңба алды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзмәдениетШымкент
Previous Post

В Шымкенте права граждан с ограниченными возможностями находятся на контроле прокуратуры

Next Post

Шымкент : Қоқыс контейнерлері жаңасына ауысты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі