13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары прокуратураның бақылауында

25 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары прокуратураның бақылауында
Share on FacebookShare on Twitter

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және сақтау бойынша меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер мен ұйымдардың жұмысы Шымкент қаласы прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Мемлекет мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауға ерекше көңіл бөледі.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау әлеуметтік, қайырымдылық көмекті, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды, білім алуға қолжетімділікті және мүгедектігі бар адамдардың қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкіндіктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну арқылы қамтамасыз етіледі.

Прокуратура органдары бұл саланы басым бағыттарға жатқызады және қадағалау функцияларымен шектелмей, үйлестіру функциясын белсенді пайдаланады.

Бұған дейін біз барлық құзыретті органдар басшыларының және мүгедектігі бар бірқатар азаматтардың және мәслихат депутаттарының қатысуымен өткен көшпелі кеңейтілген алқа отырысы және онда қабылданған шешімдер туралы хабарлаған болатынбыз.

Халықты ақпараттандыру бойынша дәстүрлі жұмысты жалғастыра отырып, нақты іске асырылған шаралар туралы хабарлаймыз.

Кеңес қорытындысы бойынша әкімдікке ойын алаңшаларын салған кезде мүгедектігі бар балаларға арналған арнайы ойын элементтерін орнатуды ескеріп, бейімдеу тапсырылған болатын.

Аталған тапсырманы орындау үшін қала аумағындағы 70-тен астам ойын алаңдарына қосымша арнайы ойын элементтерін орнату арқылы мүгедектігі бар балаларға арнайы бейімделді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Абай ауданының Жайлау шағын ауданында арнайы ойын алаңшасы салынуда.Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Айта кетейік, жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді.

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзмүгедектерпрокуратураШымкент
Previous Post

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жыл басынан 28 553 құралдармен қызмет түрі көрсетілген

Next Post

В Шымкенте права граждан с ограниченными возможностями находятся на контроле прокуратуры

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі