13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында команадалық турнир өтті

19 ноября, 2022
in Спорт
0
Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында команадалық турнир өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жас шахматшылар сайысқа түсті. Жарысқа жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында жұмыс жасайтын спорттық үйірмелердің 100-ден астам шәкірттері қатысты. Олар 10 команда болып үздіктерді анықтады. Жарысты қалалық дене шынықтыру және спорт басқарамасы ұйымдастырды.

Жарыстың барлық кезеңдері тартысты әрі қызықты өтті. Жас шахматшылар үйірмеде жинаған тәжірбиелерін ортаға салды.  Шеберліктерін шыңдап, деңгейлерін арттырды. Шахматтың шын мәнінде ақыл-ой спорты екендігін дәлелдеді.

Жарысқа 7 мен 17 жас аралығындағы балалар қатысты. Барлығының ынтасы өте жоғары. Алдына қойған мақсаттары да айқын.

Шымкентте шахмат спорты бойынша жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында 15-ке тарта үйірме жұмыс жасайды. Бұл үйірмелерде 500-ге жуық жасөсіпірім шахматпен тұрақты түрде шұғылдануда. Балаларға зор мүмкіндік беріп отырған бағдарламаға ата-аналар да дән риза.

Үш күнге жалғасқан жарыстың қортындысы бойынша, жеке кәсіпкер «Амирбеков» командасы 3-ші орынға қол жеткізсе, екінші орынды жеке кәсіпкер «Томирис» командасы иеленді. Ал жеке кәсіпкер «Орталық шахмат клубының» командасы шахмат тақтасында қарсылас шақ келтірмей, жарыстың жеңімпазы атанды. Үздік өнер көрсеткен шахматшыларға қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан медальдармен қатар кубоктар табыс етілді. Бұл жарыс Шымкентте спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру бағдарламасы нәтижелі жүзеге асып жатқандығын аңғартады.

Айта кетейік, 2022 жылы жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323,0 млн. теңге қаржы бағытталып, спорттық секцияға 14 000 баланы немесе 7-пен 17 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 16%-ын қамту жоспарланған болатын.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзспортШахматШымкент
Previous Post

В Шымкенте определились победители гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары»

Next Post

Шымкентте инклюзивті білім беру жүйесін дамыту назарда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі