13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкент: Әлеуметтік бейімдеу орталығы 300-ден аса азаматқа көмек көрсетті

22 ноября, 2022
in Денсаулық
0
Шымкент: Әлеуметтік бейімдеу орталығы 300-ден аса азаматқа көмек көрсетті
Share on FacebookShare on Twitter

Аталған мекеме кәмелет жасқа толған белгілі тұрғылықты жері жоқ, жеке басын куәләндыратын құжаттары жоқ және шартты түрде сотталған азаматтарға қызмет көрсетеді.
Шымкент қаласындағы Әлеуметтік бейімдеу орталығы 300-ден аса азаматқа көмек көрсетті. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» 2000 жылы ашылған. Аталған мекеме кәмелет жасқа толған белгілі тұрғылықты жері жоқ, жеке басын куәләндыратын құжаттары жоқ және шартты түрде сотталған азаматтарға қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, мекеме өкілдері қызмет алушыларға құжаттарын рәсімдеу, медициналық тексеруден өткізіп, қажет болған жағдайда медициналық ұйымдарға орналастыру, жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегіне тұрғызу секілді әлеуметтік көмектер көрсетеді. Солардың бірі – Мухортова Лидия Ивановна. Тағдырдың жазуымен осы орталыққа келіп түскендердің бірі. Өз балалары болмаған зейнеткер кеңестік құжатпен қалып қойған екен (қызыл паспорт). Мекеме мамандары қарияға толық көмек көрсеткен.

«Мен, әлгі КСРО (Кеңестік социалистік республикалар одағы) заманындағы қызыл паспортпен қалып қойдымғой, оны қайта рәсімдеп жүретін уақытым болмады. Осындағы қызметкер балалар жан-жаққа сұрау салып жүріп осы жақында Қазақстан азаматының жеке куәлігін әперді. Содан кейін, зейнетақымды рәсімдеуге көмек көрсетті»,- деді Лидия Ивановна.

Жыл басынан орталықта 42 азаматтың жеке басын анықтайтын құжаты рәсімделген. Сегіз азаматқа мүгедектігіне байланысты жәрдемақы тағайындауға көмек көрсетілген.
Мүгедектігі бар азаматтарға биыл әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентәлеуметтік сала
Previous Post

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

Next Post

Шымкент пен Бішкектің туристік компаниялары бірлескен тур ұйымдастырады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі