13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Шымкенттік қыздар баскетболдан ел біріншілігінің жеңімпазы атанды

22 ноября, 2022
in Спорт
0
Шымкенттік қыздар баскетболдан ел біріншілігінің жеңімпазы атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының Қажымұқан атындағы орталық стадионда баскетболдан 2006-2007 жылы туған қыздар арасында Қазақстан Республикасының күзгі чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Астана қаласы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облысы және Шымкент қаласынан 2 команда қатысып, бақтарын сынады.

17-23 қараша аралығында өткен бәсекеде жерлестеріміз сәтті өнер көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласы бірінші орынды жеңіп алды. Астана қаласы 2-ші, Маңғыстау облысының командасы 3-ші орынға ие болды.

Енді шымкенттік жасөспірім қыздар келесі жарысқа дайындықты бастайды.

Биылғы жыл Шымкенттік спортшылар үшін нәтижелі жыл болды. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқарасының мәліметінше, 2022 жылдың 10 айындағы көрсеткіш бойынша қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 561 алтын, 523 күміс, 554 қола медаль жеңіп алды. Жалпы 1638 медаль.

Азия чемпионаттарында қала спортшылары 82 алтын,48 күміс және 60 қолаға қол жеткізсе (жалпы 190 медаль), осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 45 алтын, 34 күміс және 27 қола медальға (жалпы 106 медаль) ие болды.

2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 3 ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері, 43 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 235 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 331 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапына ересектер құрамасына 416, жастар құрамасына 268, жасөспірімдер құрамасына 201 спортшымыз енген.

Шымкент қаласында 2022 жылдың 10 айында әр түрлі жас ерекшеліктері арасында спорт түрлері бойынша 29 қала чемпионаттары өткізілді. Өткізілген чемпионаттарға барлығы 4350 спортшы қатысты.

Қаламызда спорт түрлерінен 36 Қазақстан Республикасының чемпионаттары, 6 Қазақстан Республикасының кубогы және 14 республикалық жарыстар өтті. Аталған іс-шараларға Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 000 жуық спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен әр түрлі сала қызметкерлері арасында 28 ауқымды бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шараларға 17 600 адам қамтылды.

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзбаскетболспортШымкент
Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Next Post

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі