13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Шымкентте биылғы жылдың 10 айында экономиканың негізгі салаларында өсім байқалды

23 ноября, 2022
in Экономика
0
Шымкентте биылғы жылдың 10 айында экономиканың негізгі салаларында өсім байқалды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында экономиканың барлық негізгі салаларында өсім байқалды. Атап айтқанда, қала әкімдігінің ресми деректері бойынша, биылғы жылдың 10 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 750,3 млрд. теңгеге жеткен. Саладағы нақты көлем индексі 105,8 пайызды құрады.

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,3 пайызға артқан. Мұндай өсімге негізінен мұнай өңдеу (22,3%), химия өнеркәсібі (29%) және фармацевтика (10,5%) секторларындағы өсімнің нәтижесінде қол жеткізілген.

Сонымен қатар Шымкент қаласында құрылыс жұмыстарының көлемі 150 млрд. теңгені (өсім 38,6 пайыз) құраған. Ал, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 599 мың шаршы метрге (өсім 26,2 пайыз) жеткен. Ал, шаһардағы сауда көлемі биылғы жылдың 10 айында 1 триллион 578,3 миллиард теңге болған. Бұл көрсеткіш те өткен жылдың аталған кезеңіндегіден14,8 пайызға артып отыр.

Ресми деректер аталған кезеңде Шымкент қаласының экономикасына тартылған тікелей инвестициялардың көлемі 403,2 млрд. теңге болғанын көрсетеді. Яғни, бұл көрсеткіш те өткен жылдың тиісті кезеңіндегіден 18,3 пайызға артқан. Инвестицияның көбеюіне көп қабатты тұрғын үй құрылысы, құрал-жабдық сатып алу, ғимараттарды күрделі жөндеу және өндірісті кеңейтуге бағытталған қаржы мөлшерінің артуы себеп болыпты.

Шымкент қаласында тұрақты және сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз етуде инвестициялар тарту бойынша белсенді және мақсатты жұмыстар жалғасын табады. Өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласында жоспарланған өсу қарқыны қамтамасыз етіліп, инфляцияға қарсы шаралар кешені тиімді жүзеге асырылады. Өнеркәсіпті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау шаралары тиімді іске асырылып, шикізаттық емес экспортқа кешенді түрде қолдау көрсетілетін болады.

Tags: 13kz13kz.kz13кзМұрат ӘйтеновШымкентэкономика
Previous Post

Заместитель Премьер-Министра РК встретился с предпринимателями Шымкента

Next Post

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 9 АЙДА 50,1 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі