13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қаласы 2023 жылы толығымен сапалы электр қуатымен қамтылады

23 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент қаласы 2023 жылы толығымен сапалы электр қуатымен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі 81 елді-мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған.

Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында ағымдағы жылы барлығы 14 нысанда ішкі жүйелердің және 2 қосалқы электр тарату бекетінің құрылысы жүргізілді.

Соның ішінде, электр қуаты сапасыз 8 елді мекенге сапалы электр қуатын жеткізу жұмысы қарқын алған.

Қазіргі уақытта, Сәуле-276, Жаңаталап, Нұртас елді мекенінде құрылыс жұмысы толық аяқталды.

Бүгінде тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу (абоненттеу) жұмысы атқарылуда.

Сонымен қатар Достық, Тұран, Солтүстік саяжай елді мекендерінде құрылысы аяқталған аумақтарында абоненттеу жұмысы қатар жүруде.

2022 жылдың қорытындысымен жоғарыда аталған 6 елді мекендегі 43 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алатын болады. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 97%-дан — 98%-ға жетеді.

Сондай-ақ, Қайнарбұлақ және Батыс елді мекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2023 жылы толығымен аяқталады. Ал, Асар-2 (2-кезек) құрылысы да келер жылға өтпелі.

Бекітілген жоспарға сәйкес, Шымкент қаласындағы барлық елді-мекендер 2023 жылы 100 %-ыз сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Тұран елдімекенінің тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында құрылыстың 2-кезеңі былтыр басталып, биыл толығымен аяқталды. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу үшін абоненттеу жүргізілуде. Құрылыс кезінде 86,5 шақырым электр желісі тартылып, 21 электр трансформаторы мен 3 078 электр бағаналары орнатылды. Абоненттеу аяқталған соң 3 058 үй сапалы электр қуатын тұтынатын болады. Тұрандықтар бұған дейін электр қуатын тұтыну барысында 25-30 теңге аралығында төлем жасаса, бұдан былай тариф құны 17,9 теңгеге түседі. Бұдан бөлек жыл соңына дейін Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Солтүстік саяжай елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылады. Нәтижесінде 22 мыңға жуық халық сапалы электр энергиясын тұтынуға мүмкіндік алып, көрсеткіш 98%-ға жетеді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзсапалы электрШымкент
Previous Post

СТАБИЛЬНОСТЬ ТРУДОВЫХ ОТНОШЕНИЙ В ШЫМКЕНТЕ НАХОДИТСЯ НА КОНТРОЛЕ МЕСТНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі