13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

“Менің сүйікті дәрігерім” акциясы жалғасуда

23 ноября, 2022
in Денсаулық
0
“Менің сүйікті дәрігерім” акциясы жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының жыл сайынғы “Менің сүйікті дәрігерім” акциясы биылда дәстүрлі түрде өз жалғасын табуда.

Акция аясында 28 қараша 2 желтоқсан күндері ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының білікті дәрігерлері Шымкент, Жетісай, Мырзакент, Атакент, Асықата кенттерінде аялдап, 18-жастан асқан пациенттерге тегін кеңес береді. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдейді.

Акцияның мақсаты – халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру болаып табылады.

Мамандар тобында:

Кардиохирург Ерлан Денеев,

Аритмолог Ринат Камиев,

Ангиохирург Талғат Сәрсембаев, Кардиолог Назира Алибаева

Шымкент қаласы аумағында қабылдау күндері мен мекенжайы:

Шымкент қ. — 28 қараша. Шымкент Жүрек Орталығы

Қабылдау уақыты: 09:00-18:00 сағ. (түскі үзіліс 13:00-14:00 сағ.).

Кеңес алуға келген науқастың қолында жеке басын куәландыратын құжаты мен бұрынғы сараптамаларының нәтижесі болуы керек.

Дәрігердің дәл диагноз қойып, шешім қабылдауы үшін науқас әкелуі тиіс:

— кардиохирургқа: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/ КТ дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар;

— аритмологқа: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы.

— ангиохирургке: қантамырлары УДДГ, КТ немесе аортография дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар.

-кардиологқа: жүрек УДДГ, ЭХОКГ хаттамасы, барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар.

Қабылдауға жазылу үшін + 7 701 203 03 88 немесе +7 7252 37-10-22 нөміріне хабарласа аласыздар. Немесе қабылдау өтетін күні Жүрек орталығына барып, тіркеуден өтуге болады.

Президенттің Іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасына еліміздің түкпір-түкпірінен келіп қаралушылар мен ем алушылар қатары көп. Көп салалы аурухана кез келген пациентті барлық қажетті жағдаймен, яғни еліміздегі ең үздік медициналық құрал-жабдықтарды қолдануымен және сапалы тексеруден бастап операциядан кейінгі бақылау мен оңалтуға дейінгі қамтамасыз етуімен ерекшеленеді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзмедицинаШымкент
Previous Post

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ТАҒЫ БІР ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛДЫ

Next Post

Акция "Мой любимый доктор" продолжается

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі