13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Шымкентте «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды

22 ноября, 2022
in Білім
0
Шымкентте «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының тың жоба ұсынған жастарына 1 миллион теңге қаржы табысталды.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов жеңісімен құттықтап, салтанатты түрде марапаттады.

– «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты биыл Шымкент қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 2023 жылы грант бағыттарын кеңейтіп, бұдан да көп жастарды ынталандыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі жеңімпаз жобалар қаламыздың мәдени-экономикалық дамуына үлес қосады деп сенеміз. Алдағы уақытта жастарымыздан бұдан да ауқымда жобалар күтеміз, – деді Мұратжан Шүкірханұлы.

Жастарға арналған грантқа өтінім қабылдау қыркүйек айынан бастау алған. Байқауда бақ сынау үшін 15 үміткер өзінің жобасын ұсыныпты. Бүгін 3 бағыт бойынша 4 қатысушы жеңімпаз атанып, ойға алған жобасын жүзеге асыратын қаржыға ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша «Медиа» жобасын ұсынған Ернұр Нұрланұлы, «Мәдениет» бағытымен Салих Халиев, «Ерікті» бағытында тың жобаны алға тартқан екі үміткер Диана Жолдасбаева мен Тимур Ауданбаев марапатталды.

Жеңімпаздар арасында ең жасы кіші Диана Жолдасбаева ДЦП ауруына шалдыққан балаларға арналған ойын алаңшасын орнатуды көздеп отыр. Он бес жастағы Диана қаладағы №23 мектептің 10 сынып оқушысы.

– Екі жылдан бері мектебіміздегі еріктілер клубының мүшесімін. Біз балаларды оңалту орталығына жиі барамыз. Сонда науқас балаларға арналған ойын алаңшасы жоқ екенін байқадым. Осы қаржыға алдымен оңалту орталығына ойын құрылғысын қойып, науқас балалардың өзге балалар секілді ойнап, көңіл көтеруіне жағдай жасамақпын, – дейді жас ерікті.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын иемдену үшін қажетті құжаттар тізімі:

өтінім (екі тілде қабылданады);

жобаның сипаттамасы;

жобаның бейнетаныстырылымы;

шығындар сметасы;

зияткерлік меншік туралы мәлімет.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» атты қайтарымсыз гранттың берілу тәртібі және өтінімдерді қайда жіберу керектігі туралы ақпарат алдағы уақытта Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми аккаунттарында жарияланған.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзжастарШымкент
Previous Post

ӘДІЛДІК ТУЫН ҚАЗІР ЖӘНЕ ӘРДАЙЫМ КӨТЕРІП ЖҮРЕЙІК!

Next Post

КЕНТАУДА АУЫЛ СКРИНИНГІ ӨТЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі