13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мекенжайға онлайн форматта тіркеле аласыз

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Мекенжайға онлайн форматта тіркеле аласыз
Share on FacebookShare on Twitter

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы үйлерге тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған тұрғындар туралы және жаңа мекенжайға тез әрі оңай тіркелу жолдары туралы хабарлайды.

Бұл қызметті онлайн форматта 20 минутта рәсімдеуге болады, тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды.

Корпорация филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша, енді азаматтар ХҚО арқылы тіркелген кезде үй иесі өз телефонына тіркелген адамның деректері көрсетілген хабарлама алады. Егер баспана иесі үйінде тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден

шығарылғаны туралы хабарлама барады.

Бұл қызметті екі жолмен алуға болады:

— Біріншісі, Egov.kz порталы арқылы. Ол үшін ЭЦҚ болу қажет немесе SMS құпия сөз арқылы (мобильді азаматтар базасында тіркелу керек). Егер азамат жаңа мекенжайға тіркелгісі келсе, Egov.kz порталы арқылы өтініш береді. Меншік иесі өзінің электронды-цифрлық қолтаңбасымен өтініш берушінің өтінішін растайды. Өтінімді өңдеу және мақұлдау бірнеше минутты алады.

— Екінші жол – меншік иесі мен өтініш беруші ХҚО-ға жүгіну қажет және онлайн кезекті алдын ала брондау

керек.

Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін үй иесі мен тіркелген адамның электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы

керек.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 31 мың шымкенттік тіркеуге тұрған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 690 мемлекеттік қызмет көрсетеді, электронды үкімет порталы арқылы 645 мемлекеттік қызмет онлайн форматта қолжетімді. Оларды Egov порталы, Egov mobile мобильдік қосымшасы және @Kenes1414Bot телеграмм-бот арқылы өз бетінше алуға болады. Жалпы Шымкент қалалық филиалында 600 қызметкер жұмыс істейді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзХҚОШымкент
Previous Post

Біз жаңа мемлекет басшысын сайлау арқылы жарқын болашағымызды құруды таңдадық

Next Post

ЖАҢАРУҒА БАСТАҒАН ЖАҢА ҚАДАМ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі