Сайлау халықтың еркін білдіретінхалықтың саяси көзқарасы. Сайлаудағы көрсеткіш сайлаушылардың саяси позициясының көрсеткіші.Көзқарас демекші биылғы «Қаңтар оқиғасы» талай нәрсенің бетін ашты.Талай аналитикалық материалдар жарық көрді. Елдегі әлеуметтік салада ғана емес, саяси салада да теңсіздіктің орын алып келе жатқаны анық болды. Азаматтардың билікке деген сенімі төмендеп, қоғам мен биліктің арасында біршама алшақтық орын алды. Мемлекет басшысы осы мәселелерді талдай келе тез шешімдер қабылдап, ең алдымен қоғаммен диалогты нығайтуды көздеп, келелі мәселелерді ақылдасып шешуге Ұлттық құрылтайды шақырды, елмен ақылдасты,ойды ортаға салып тұжырым жасады.Әлемдік тәжірибеде сирек кездесетін өз өкілеттіліктерін ерікті түрде билік тармақтарына беруі, Ата заңымызға өзгерістерді референдум арқылы енгізу туралы нақты әрекеті жұртшылықты ойландырды, көпшіліктің Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген сенімін арттыра бастады,саяси тұлғаның басты қасиеттері ашыла бастады. Барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер беретін Әділ қоғам орнатукілтін тапты. Ол Әділетті Қазақстанды құру болды, саяси реформасыз елдің құрдымға кететінін ескертті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік тұғырында Қазақстанның сыртқы саясаты» туралы очерктерінде еліміздің бейбітшіл бағытты қолдайтындығын алға тартып, барлық ерік-жігерімен эмоцияға жол бермегендігі туралы жазылған. Нық ұстанымы сыртқы саясатта ғана емес ішкі саясатта да қажеттілігін көрсетті. Қоғамдық ұйымдар,партиялар елдің дамуы үшін, тыныш тірлігі үшін, ұйысқан бірлігі үшінХалықтық коалиция құрып, бір мақсатқа бірігіп, ҚР Президенттігіне үміткерлікке Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынуы бекер емес, бағытының дұрыстығына сенгені.
Ал, 20 қарашадағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 81,3% дауыс жинауы ел үмітінің ақталғаны.
2019 жылдағы Президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы 70,96% дауыс жинап, сайланған болатын. Арадағы үш жарым жылдай уақытта Қасым-Жомарт Кемелұлына деген халықтың сенімі 10,24%-ке артқан. Сол кездегі қабылданған сайлауалды бағдарламасы кезең-кезеңмен орындалып жатты. Бір ғана «Педагог мәртебесі» заңының қабылдануы өзі соның айғағы.Президенттің өз өкілеттігі кезінде ешқандай партияға мүше болмауы, саяси мемлекеттік қызметтегі лауазымдарға жақын туыстарының болуына тыйым салуы, халықтың билікке деген көзқарасының өзгеруіне, сеніміне әсер етті. Халық бос сөзден, құр мақтаудан шаршаған. Ақшаның өз заңы бар сол сияқты неғұрлым ақшаны шашып мақтанған сайын жеңіліске ұшырайсың деген. Елдің жанына ең жақыны әділдік. Халық сұранысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасының үштағанын құрайды. Ол әділетті- мемлекет, әділетті-экономика, әділетті-қоғам.
Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев еш күмәнсіз жеңіске жетті. Мемлекет басшысының міндеті халықты бақуатты ету, халықтың еркіндігін өзіне беру, қоғамда бірлікке қол жеткізу болса, оның шешу тетігі – барлық салада әділетті саясат жүргізу.
Ел өз таңдауын жасады. Сенім бар жерде даму бар.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихатының депутаты, Түркістан облысының құрметті азаматыЖантөреева Қалыйма.