13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Аналар — шаңырақ шуағы» іс-шарасы өтті

19 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Аналар — шаңырақ шуағы» іс-шарасы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Достық үйі» ғимаратында қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Аналар – шаңырақ шуағы» атты басқосу өтті.

Аталған жиынды Аналар кеңесінің төрайымы Балқия Көмекбаева ашып, қазіргі қоғамдағы отбасылық тәрбиедегі орын алып отырған біршама мәселелерді қозғады.

— Аналар кеңесі – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, Қазақстан халқы Ассамблеясы мақсаттарын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында құрылған. Бүгінде Шымкент қаласында 13 аналар кеңесі жұмыс істейді, оған 113 ана мүше. Қазіргі қоғамда бала тәрбиесін ұстаздарға артып қою жағдайлары орын алып жүр. Дегенмен ұлт болашағының тәрбиесі аналардың қолында. «Бесігіңді түземей, ұлт түзелмейді» деген. Аналар кеңесі жыл басынан бері 50-ге жуық іс-шара өткізді. Білім мекемелерінде кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр. Осындай игі шараларға өз еңбектерін қосып жүрген аналар кеңесінің мүшелеріне алғысымды білдіремін –деді Балқия Әбдіманапқызы.

Басқосуда Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылғандай, ұлттық дəстүр негізінде отбасы құндылықтары дəріптеу, ұрпақ тəрбиесіндегі өзекті мəселелер талқылау мен ұсыныстар əзірлеу, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өзара сыйластық пен татулық, мейірімділік, бірлік пен келісім секілді елдігіміздің тірегі болған құндылықтарды кеңінен насихаттау жайы қаралды. Іс-шараны облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Балхия Көмекбаева ашып, жүргізіп отырды.
Сонымен қатар, жиынға «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы Асқар Копеев, «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лаура Ақшегірова қатысып, сөз сөйледі.

Жиын соңында белсенділік танытқан кеңес мүшелері алғыс хатпен марапатталды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Аналар – шаңырақ шуағы»аналар кеңесі
Previous Post

Презентация полнометражного фильма «Красный диплом» прошла в Шымкенте

Next Post

Шымкентте «Қызыл диплом» толықметражды фильмінің тұсаукесері өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі