13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

“Шымсити” аумағын абаттандыру жалғасуда

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
“Шымсити” аумағын абаттандыру жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов “Шымсити” аумағында салынып жатқан аллея құрылысын тексеріп, жауапты сала мамандары мен мердігер мекемеге нысанды уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Естеріңізде болса, қыркүйек айында “Қаратау” ауданы 189 орамда “Шымсити” аумағын абаттандыру жұмыстары”бойынша аллея құрылысы басталған болатын.

9300-ге жуық халықты қамтитын бұл нысан 2022 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда нысанның өндірістік кестеге сәйкес абаттандыру құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

“Шымсити” аумағын абаттандыру жұмыстары” алдағы уақытта да жүйелі түрде өз жалғасын табатын болады.

Шымкентте қаланы жасыл желекке айналдыру және көгалдандыру жұмыстары ұдайы басты назарда. Бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Олардың барлығына арнайы қызметкерлер күн сайын ерекше күтім жүргізеді. Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясов 30 жылда экология бағытында талай іс тындырылғанын, дегенмен әлі де атқарылатын шаруа көп екенін айтады. Оның айтуынша, Еуропа елдерінде әр адам басына 24 шаршы метр жасыл желектен келеді екен. Ал еліміздегі Алматыда – 13 шаршы метр, Шымкентте 5-6 шаршы метрді құрайды. Жалпы стандарт бойынша жан басына шаққанда жасыл желек 10 шаршы метрден кем болмауы тиіс. Сондықтан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің хаттамалық тапсырмасына және шаһарды көгалдандыру мен көріктендіруге байланысты жасалған арнайы бағдарламаға сәйкес 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады.

«Қаладан 23 жер аумағынан гүлзарлар салу жоспарланған. Ол аймақтарда жыл сайын гүлзарлар салынады. Келесі жылға 6 аумақта гүлзар құрылысын жүргізу жоспарда тұр. Шымсити шағынауданынан 47 гектар аумаққа саябақ салынады. Ол көлемі жағынан шаһардағы дендросаябақтан кейінгі екінші үлкен парк болады. Биыл «Фиркан сити» сауда–ойын-сауық орталығының маңындағы бұрынғы қоқыс полигонының орнынан салынып жатқан жаңа саябақтың құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Және келесі жылы 12-шағынауданда 1.6 гектар аумақты құрайтын тағы бір саябақтың құрылысы аяқталады»,-деді басқарма басшысы.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзабаттандыруМұрат ӘйтеновШымкент
Previous Post

ТҮРКІСТАН: Қоғамдық штаб мүшелері еңбек адамдарымен кездесті

Next Post

Мурат Айтенов ознакомился с работой предприятия «Болашак-7»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі