13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА ТӘУЕЛСІЗ БАҚЫЛАУШЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ ПІКІРІН БІЛДІРДІ

20 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛДА ТӘУЕЛСІЗ БАҚЫЛАУШЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ ПІКІРІН БІЛДІРДІ
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін өтіп жатқан ҚР Президенті сайлауына байланысты Мақтаарал ауданының сайлау учаскелеріне көптеген тәуелсіз бақылаушылар тартылған.
Солардың бірі — «Хақ» тәуелсіз сарапшылар ұйымының Мақтаарал ауданы бойынша жетекшісі, тәуелсіз бақылаушы Қанат Мырзахметов сайлаудың өту барысы туралы өз пікірін білдірді.
Қанат Маратұлы Мақтаарал ауданында орналасқан 63 сайлау учаскесінің 40-тан астамын «Хақ» ұйымының бақылаушылары бақылағанын және сайлаудың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
«Халықтың белсенділігін, жаңа Президентті сайлауға деген көзқарастарын, жалпы сайлаудың өту барысын оң бағалауға болады. Халықаралық стандарттар мен конвенциялар шеңберінде дауыс беру процесін өткізу – Қазақстанның демократиялық құндылықтарға бейімділігінің көрсеткіші. Мақтаарал ауданында сайлау учаскелеріндегі байқаушыларымыз сайлау кезінде Қазақстан заңнамасы мен халықаралық келісімдердің ірі бұзушылық фактілері анықталмағанын айтып отыр. Бұл аталған іс-шараның ашықтығы мен мемлекеттің өз міндеттемелерін жоғары деңгейде орындағанының айғағы» — деді, тәуелсіз бақылаушы.
Сонымен қатар, бақылаушы сайлау учаскелерінің техникалық-базалық жасақталуына, азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайларға оң бағасын берді. Сондай-ақ, ол сайлау барысында жоғары сапалық сервис пен сайлаушылардың көтеріңкі көңіл-күйлерін байқағанын айтты.
«Дүбірлі саяси науқан процесін ұйымдастыру бойынша жауапты органдардың жұмысын оң бағалағым келеді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды, дауыс беру үзіліссіз өтіп жатыр» — деді Қ.Мырзахметов.

Previous Post

Түркістан: Республика күніне орай Қарасуда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Next Post

Түркістан облысындағы балалар иппотерапия сеанстарына тегін қатыса алады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі