13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұртта «Жұмыс берушілер күні» шарасы өтті

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Қазығұртта «Жұмыс берушілер күні» шарасы өтті
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» бойынша ресурстық орталық ашылды. Мақсат «Жас маман» жобасы бойынша колледжде кадрларды даярлау. Сондай-ақ, жұмыс берушілермен өзара тиімді іс-қимыл жасау. Шара барысында оқытушылар мен студенттер жұмыс берушілермен өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Колледж «Жас маман» жобасына қатысып, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы» бойынша ауыл шаруашылық техникалары мен оқыту құрал-жабдықтарын алған. Қазіргі уақытта осы техникаларды пайдаланып, мамандар дайындап жатыр. Колледж оқытушылары білімдерін жетілдіру курстарынан өткен білімді мамандар. Шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, ауылшаруашылығы бағытында еңбек етіп жүрген кәсіпкер азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.

Бұл күні облыстың барлық колледждерінде «Жұмыс берушілер күні» мерекесіне орай әлеуметтік серіктестіктердің, басшылардың, жұмыс берушілер қауымдастығы өкілдерінің, өндірістік кеңес өкілдерінің және демеуші кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен кездесулер өтті. Бұл шара облыстағы еңбек нарығының сұранысына сай мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында өткізіліп отыр.
Жұмыс берушілер күні аясында колледждерге оқу сапарлары, сондай-ақ «Академиялық тәуелсіздік аясында жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл» кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша интерактивті алаң, сәндік-қолданбалы өнер, техникалық өнер көрмелері, шеберлік сағаттар өткізілді. Кездесулер нәтижелі болды, алдағы ынтымақтастықтың мәселелері, перспективалары мен оң аспектілері айтылды.
Министрдің айтуынша, академиялық еркіндікті енгізу арқылы жұмыс берушілер мен колледждер арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді.

1. Енді жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға тікелей қатысады. Яғни колледждер нарық сұранысына қарай оқу бағдарламаларын жасайды.
2. Колледждердің барлық ББ орналастырылған білім беру бағдарламаларының тізілімі іске қосылды. Жұмыс берушілер оларды көріп, өз ұсыныстарын бере алады.
3. Колледждерге күтілетін оқу нәтижелеріне байланысты жұмыс берушілермен бірлесіп оқу мерзімдерін анықтау құқығы берілді.

Сондай-ақ Академиялық еркіндіктің артықшылықтары туралы кейінірек толығырақ жазатынын айтты.

Previous Post

Түркістанда рухани-мәдени нысандардың қатары артады

Next Post

Түркістан облысында ірімшік өндірісі дамуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі