13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРЫНДАҒЫ ЕМХАНАЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ АППАРАТТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРЫНДАҒЫ ЕМХАНАЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ АППАРАТТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданы тұрғындарымен кездесу барысында тұрғындардың өтінішіне сәйкес, медициналық зертхана жұмысын халыққа қолжетімді ету жөнінде тапсырмалар берген болатын. Бұл мәселе шұғыл назарға алынып, Келес аудандық «Абай» ауруханасының зертхана бөліміне және ауылдық аймақта орналасқан емдеу мекемелеріне соңғы үлгідегі аппараттар алынды.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, ауылдарды емдеу мекемелерімен және медициналық құрал-жабдықтармен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Атап айтсақ, «Ақтөбе» ауылдық округінде 12 мыңнан аса халыққа медициналық қызмет көрсетіп отырған «Ақтөбе» бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығына соңғы үлгідегі 2 дана автоматтандырылған анализатор қойылды. Бұл құрылғылар жақын маңда орналасқан «Бозсу», «Қаратөбе», «Көкбұлақ», «Аманат», «Жүзімдік» дәрігерлік амбулаторияларында елге қызмет көрсетеді.
«Қошқар ата» ауылдық округіне қарасты Қошқар ата дәрігерлік емханасына автоматтандырылған және соңғы үлгідегі анализатор қойылды. Келес аудандық «Абай» ауруханасында орналасқан орталықтандырылған зертхана бөліміне соңғы үлгідегі гематологиялық, биохимиялық автомоттандырылған анализатор және автоматтандырылған коагулометр алынды. Қазіргі таңда орталықтандырылған Абай зертханасында осы аппараттар арқылы ауыл халқының денсаулығы тексеріліп жатыр.

Қосымша ақпар. Қазығұрт ауданындағы медициналық ұйымдарды құрал жабдықтармен қамту шаралары бойынша, мамандарды қайта даярлау, дәрі-дәрмекпен қамту, шалғай ауылдарға дәрігерлік амбулатория салу барысындағы жұмыс жоспарымен бөліскен жиын облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының бөлім басшысы М.Боташеваның қатысумен өтті.2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазығұрт ауданы сақтандырылмағандар саны 19 429 адамды құрады. Бұл ретте сақтандырылмаған азаматтар санын азайту бойынша динамика шамалы.МӘМС жүйесі бойынша жұмысшы топпен басқосуда сақтандырылмаған азаматтарды өзектендіру шарасын ұйымдастыру жайы да сөз олды. Жалпы, ауданда сақтандырылмаған халықтың құрамында 3183 жалдамалы жұмыскер, 246 жеке кәсіпкер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызмет көрсететін 464 адам, 317 БЖТ төлеуші, 300 дербес төлеуші, 14 919 адам соңғы 12 айда ешқашан жарна төлемеген не болмаса МӘМС жүйесіндегі мәртебесі анықталмаған.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ТҮРКІТАНУШЫЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАПТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі