13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайлау-2022: ОСК шет елдердегі 68 сайлау учаскесінің қызметкерлерін оқытады

16 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Сайлау-2022: ОСК шет елдердегі 68 сайлау учаскесінің қызметкерлерін оқытады
Share on FacebookShare on Twitter

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстаннан тыс жерлерде сайлау өткізетін 68 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқытады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтып берді.
«Орталық сайлау комиссиясы дәстүрлі түрде сайлау процесіне қатысушыларды оқыту мәселесіне жіті көңіл бөледі. Мәселен, біз саяси партияларға, мүгедектігі бар адамдарға, жастарға, БАҚ және ҮЕҰ өкілдеріне арналған оқыту семинарларын өткіздік. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстаннан тыс жерлерде сайлау өткізуді қамтамасыз ететін 68 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін оқыту семинарын өткізеді», — деді Нұрлан Әбдіров шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифингте.
Сонымен бірге, спикер қыркүйек айында Орталық сайлау комиссиясы жанынан сайлау процесінің өзекті мәселелеріне жастардың назарын аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Жас сайлаушылар клубы құрылғанын хабарлады.
Спикердің айтуынша, ҚР ОСК мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне қажетті жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі. Атап айтқанда, инватакси, сурдоаударма, тактильді жолдар мен Брайль трафаретін қолжетімді ету жөнінде жергілікті комиссияларға тапсырмалар берілген.
«Орталық сайлау комиссиясы жанынан мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы құрылды және белсенді жұмыс істейді, оның құрамында мүгедек азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі беделді республикалық және өңірлік бірлестіктердің өкілдері бар», — деп толықтырды Нұрлан Әбдіров.

Previous Post

ҚАРАҚАТ ӘБДЕН ШЫМКЕНТТЕ ФАБРИКА ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

Шетелдік дипломаттар Қазақстан Президентінің сайлауына дайындық барысымен танысты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі