13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ЖАС БАРЫС» ТУРНИРІ ӨТТІ

17 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ЖАС БАРЫС» ТУРНИРІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде қазақ күресінен Түркістан облысының жастар мен жасөспірімдер арасында «Жас барыс» турнирінің жалауы желбіреді. Күрес додасына өңіріміз бойынша іріктеуден өткен 120 балуан қатысып,өзара шеберліктің шыңдады. Жастар арасында қазақ күресінен аға бапкер Ерлан Сыздықовтың айтуынша, боз кілемде топ жарған жеңімпаз жас балуандар 14-16 желтоқсан күндері Астанада өтетін республикалық жарыста облыс намысын қорғайтын болады.
Болашағы жарқын жасөспірімдер арасында 55 келі салмақта сынға түскен Розиман Тогышов пен 64 келідегі талантты жас саңлақ Нұрсаят Әбдуақас, жастар арасында үздік өнер көрсетіп келе жатқан 66 келідегі Төлен Әділ бар. Бұдан өзге түркістандық Шайихслам Бауыржаннан жаттықтырушылар мол үміт күтіп отыр.
Мамандар қазір қазақ күресін дүниежүзілік деңгейде дамыту үшін барынша игілікті істер атқаруда. Әлем бойынша ұлттық спорт түрі халықаралық деңгейде дамып барады. Түркістан облысында соңғы кездері қазақ күресі жастар арасында кеңінен насихатталып, бүгінде мыңдаған ауыл жастары спортпен кәсіби тұрғыда айналысады.

Спорт тек денені дамыту және спорттық жетілу үшін үлкен мүмкіндік туғызып қоймайды, сонымен бірге спорттың өзіне тарту күші дене және психикалық күштердің көрінуіне жоғары талап, адамның саналылығы мен рухани бейнесін жекелей бағытты тәрбиелеу үшін кең көлемдегі мүмкіндіктер туғызады. Тәрбиелік мақсатқа жетудің соңғы нәтижесі тек спорттың өзіне ғана емес, барлық тәрбие және даму жүйесінің әлеуметтік бағыттылығына да байланысты. Осындай бейнеде, спорттың тәрбиелік мүмкіндіктері өзінен — өзі шешілмейді, спорт аясында жинақталған, тәрбиелік бағытталған қатынастар жүйесі арқылы іске асырылады. Спорт әлеуметтік – педагогикалық жүйеге кіргендіктен дене тәрбиесінің ықпалды құралы болып табылады, ал спорттың күрес түрлерімен шұғылдану нәтижесінде еңбек және әскери қызметтің маңызды компонентіне айналады. Сол сияқты, қазақ күресінің ел спортын дамытудағы маңыздылығы орасан зор.

Облыстық деңгейде өткен бұл жарыс талай түркістандық жас балуандардың тұсауын кесті. Кілемде белдескен үздік спортшы жастар алдағы кезде түрлі республикалық жарыстарға қатысатын болады. Осылайша, қазақ күресінен жастар құрамасы жасақталды.

Previous Post

Түркістан: Білім беру ұйымдарының патриоттық байқаулардар белсенділігі жоғары

Next Post

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 9 ЕЛДІМЕКЕН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі