13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте сарбаздар зияткерлік ойын өткізді

15 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте сарбаздар зияткерлік ойын өткізді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі механикаландырылған бригадада алғашқы әскери дайындық курсынан өтіп жатқан шақырылушылар арасында «ең үздік сарбаз» зияткерлік байқауы өтті.

Өздерінің оқу взводтарының намысын қорғау үшін 5 қатысушыдан тұратын 4 команда бірнеше кезең барысында білімі мен эрудициясын пайдалана отырып, қазылар алқасы мен әріптестерінің алдында күрделі сұрақтарға тез жауап табу біліктілігін көрсетті.

Жас сарбаздар жалпы әскери жарғылардың, жауынгерлік, саптық және мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарынан өткен тақырыптары бойынша шеберлік көрсетті. Конкурсқа қатысушылар өз жауаптарымен әскери бөлімге келген сәттен бастап өткен барлық дәрістерді толық игерілгенін, ал офицерлер мен сержанттардың күш-жігері толығымен ақталғанын дәлелдеді.

Жас толым жиынының бастығы подполковник Ринат Калидолдин атап өткендей, сарбаздардың дұрыс уақыт өткізуі табысты және қауіпсіз қызметтің кепілі болып табылады, ал әскери өмірге байланысты интеллектуалды ойын сарбаздарға күнделікті сабақтарын басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Конкурстар арасында жас толымның өнерпаздар ұжымы музыкалық аспаптарда әр-түрлі күйлерді ойнап жиналған көпшілікті қуантты.

Айта кетсек, күзгі шақыру науқаны аясында Шымкенттің механикаландырылған бригадасына Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласынан 130-дан астам азамат әскер қатарына шақырылды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кззияткерлік ойынсарбазШымкент гарнизоны
Previous Post

Об организации опросов общественного мнения в период проведения выборов

Next Post

Шымкенттік балалар Отан қорғауды үйренуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі